Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1867861
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Түркияның әлемде жаңғырық туғызатын бастамасы» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы 12 елде «Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесін реформалау: Халықаралық тәртіпті қалпына келтіруге бағытталған бір көзқарас» тақырыпты панельдер сериясын ұйымдастырады. Коммуникация басқармасының БҰҰ реформасы тақырыбында қарқынды бір қоғамдық дипломатия бастамасына дайындалғанын хабарлаған Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун панельдер сериясының халықаралық аренада жаңғырық туғызатынын атап көрсетті.

Йени Шафак газеті «Ұлттық қорғаныс министрлігінен Кипр мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық қорғаныс министрлігі жасаған жазбаша мәлімдемеде понти террор ұйымы «Enosisist EOKA» террор ұйымының 1958 жылдан бері кипрлік түріктерге жүйелі түрде шабуыл жасай бастағаны еске салынып, «Бұл шабуылдар уақыт өте келе түріктерге қарсы азаптау және аяусыз өлтіру арқылы геноцидке айналды» деді. Мәлімдемеде Кипрде жалғыз шешімнің екі мемлекетті құрылым екенін байқау керектігі баса айтылды.

Сабах газеті «Түркияда қорғаныс өнеркәсібінің жолы ашық» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент аппараты жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир Түркияда армия мен қауіпсіздік күштерінің көптеген қажеттілігін қамтамасыз ететін деңгейде жұмыстардың жалғасып жатқанын атап «Түркияда қорғаныс өнеркәсібінің жолы ашық» деді. Түрік қорғаныс өнеркәсібінің соңғы жылдары үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін білдірген Демир «Әлемде бренд болу жолында әлі талай табысқа жететінімізге сенімдімін» деді.

Хабертүрік газеті «Түркияның тоқыма экспорты 7 айда 6 миллиард доллардан асты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның тоқыма және шикізат материалдары саласы 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 9,5 пайыз өсіп, 6 миллиард 119 миллион долларлық экспорт жүзеге асырды. Осылайша, тоқыма және шикізат саласы өз тарихының қаңтар-шілде айларындағы ең жоғары экспортына ұласты. Биылдың 7 айында болса сала Италияға 635 миллион доллар, АҚШ-қа 340 миллион доллар және Испанияға 323 миллион долларлық сыртқы сауда жасады.

Ватан газеті «Отандық көліктің шығарылатын күні жарияланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның Автокөлік кәсіпорындар тобының (TOGG) өндіріс зауыты 29 қазан күні Кожаели Гебзеде ашылады. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк «Түркияның автокөлік зауытын 29 қазан күні ашамыз. Біздің көліктер жаппай өндірістен шыға бастайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар