Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1864070
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Министр Чавушоғлу: Түркия ретінде жұмысты жалғастырамыз» деген хабарға орын берген.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше сөйлеген сөзінде «Түркия Ресей-Украина соғысының басынан бері жұмыстанып келеді. Талпынысымызды жалғастырамыз» деді.

Йени Шафак газеті Песковтың сөздеріне орын берген.  Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков  кеше жасаған мәлімдемесінде Стамбулда 22 шілде күні қол қойылған астық дәлізі келісіміне тоқталып, «Президент Режеп Тайып Ердоғанның жеке үлесін айтып өту керек» деді.

Хүрриет газеті «Мақсат – Türksat 6A серігін 2023 жылдың екінші тоқсанында ғарышқа ұшыру» деген хабарға орын берген.  ТР Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу «Мақсатымыз – 2023 жылдың екінші тоқсанында Türksat 6A-ны ғарышқа ұшыру. 2023 жылы жер серігін ұшырғанда Түркия ғарышта өз серігі бар он елдің қатарына енеді» деді.

Ватан газеті отандық автокөлік туралы хабарға орын берген.  Отандық автокөлік TOGG-тың твиттердегі жазбасында «Гемликтегі зауытта қондырылған алғашқы TruGo зарядтау жиһазын сынақтан өткізе бастадық. Жиһаз 25 минутта 80 пайыз зарядтады» деп айтылды.

Сабах газеті кино әлемінен хабар жариялаған.

Режиссер Семих Капланоғлуның түрлі жүлделердің лауреаты атанған «Бағлылык Хасан» атты фильмі Францияда көрсетілді. Елдегі ақпарат құралдары түрік фильмін мақтады.



Ұқсас жаңалықтар