Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1863154
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Астық тиелген «Разони» кемесі Стамбул маңына тоқтады» деген хабар жариялаған.  Ұлттық Қорғаныс министрлігінің хабарына қарағанда, Украинаның Одесса портынан жолға шыққан жүгері тиелген кеме Босфор бұғазының Қаратеңіз жағасына жетіп тоқтады.

Стар газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген. Хабарға қарағанда, Түркия-Өзбекстан-Әзербайжан үштік жиналысында мәлімдеме жасаған ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Түрік әлемінің әлеуетін арттыратын нақты қадамдармен осындай жиналыстарға басшылық жасауымыз керек.  Осылайша кездесулеріміз әрі халықтарымызға,  әрі әлемге мықты екенімізді көрсетеді» деді.

Ватан газеті «Алтын және күміс сүйіншісі» деген хабарға орын берген.  Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк «Чанаккале аймағында 80-100 миллиард долларлық алтын мен күміс жер астында жатыр» деді.

Сабах газеті «Мәрмәр 60 елге сатылады» деген хабар жариялаған.  Елазыгда әлемде тек Алажакая ауданында шығарылатын «шие мәрмәрі» деп аталатын мәрмәр түрі Америка, Қытай, Франция, Италия және Сауд Арабиясы секілді 60 елге сатылып отыр.  Мәрмәр Ақ Үй, АҚШ Конгресс ғимараты, Ақса мешіті және Қағба секілді әлемдегі беделді орындарда қолданылған.

Йени Шафак газеті «6 айда 200 мың жолаушы» деген хабар жариялаған.  Пандемия аяқталып, туризм ашылғаннан кейін круиздік кемемен келушілер артты.  Түркияға жылдың алғашқы алты айында 286 кеме келді.  Осы кемелер арқылы 200 мың турист Түркия порттарын аралады. 2022 жылы 900 круиздік кемемен 1,5 миллион турист келеді деп жоспарланды.



Ұқсас жаңалықтар