Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1862421
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Процестің қауіпсіз түрде жалғасуы үшін әртүрлі талпыныс көрсетудеміз» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Министрлер кабинеті жиналысынан кейін мәлімдеме жасады. Ердоған әлемді ықтимал азық-түлік дағдарысынан құтқаратын қадамның Түркияның талпыныстарымен жүзеге асырылғанын айтып, «Астық дағдарысынан шығуға жасалған қадам еліміздің ерен еңбегінің жемісі екенін барша жұрт мойындайды» деген сөздер қолданды. Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антонио Гутеррештің Түркияға алғыс айтқанын білдірді. Астық тиелген кеменің кеше Одессадан жолға шыққанын еске салған Ердоған «Түркия-Ресей-Украина және БҰҰ ынтымақтастығы аясында жүргізіліп жатқан бұл процестің сау жалғасуы үшін бар күшімізді салып жатырмыз» деді.

Хүрриет газеті «Столтенберг: Маңызды рөл атқарғаны үшін Түркияға алғыс айтамын» атты хабар жариялаған. НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг әлеуметтік желідегі парақшасында Украина астығын жөнелту үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады. Столтенберг Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) арағайындығымен жасалған келісім аясында Одессадан астықтың бірінші реткі жөнелтілуіне риза болғанын білдірді. Столтенберг «Одақтасымыз Түркияға өте маңызды рөл атқарғаны үшін алғыс айтқым келеді» деді.

Стар газеті «Террорлық ұйымның  күйреуі» атты хабарға орын берген.Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар терроризммен күреске қатысты мәлімдеме жасап, «2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 мың 226 террорист залалсыздандырылды. Ұлттық барлау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, террор ұйымында ауыр күйреу бар. Террористтердің ешқайсысы қауіпсіз емес, біз олардың кеңірдегінен алудамыз» деген сөздер қолданды.

Хабар Түрік газеті «Манисаның кептірілген қызанақтары АҚШ және Еуропаға жіберілуде» деген хабар жариялаған. Манисаның Саруханлы және Тұрғыт аудандарында жиналған қызанақтар кептірілу үшін егістік алқаптарына қойыла бастады. Кептірілген қызанақ АҚШ, Англия, Италия, Германия және Ресейге жіберіледі.

Йени Шафак газеті «Анталияға өте көп турист келді» атты хабарға орын берген. Маусымның ең қарбалас кезеңі шілде айында қалаға әуе жолы арқылы келген турист саны 2 миллион 403 мың 992-ге жетті. Қаңтар-шілде айларында қалаға әуежолымен келушілер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97 пайызға артып, 6 миллион 688 мың 506-ға жетті.

 



Ұқсас жаңалықтар