Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1851465
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Грек баспасөзінен таңғаларлық мойындау» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Грекияның «Та Неа» газеті «Ердоғанның келіссөз өнері» тақырыпты мақаласында Президент Режеп Тайып Ердоғанның НАТО саммитіндегі рөліне назар аударылды. Мақалада «Түрік президент халықаралық аренада келіссөз жүргізу өнерінің әлі де бар екенін Мадрид саммитінде көрсетті. Ердоғанның халықаралық аренада ерекше тәжірибесі бар, өз мақсатына жетуге қабілетті саясаткер екенін кейде ұмытып кетеміз» делінді.

Хүррийет газеті «Террор ұйымындағы ‘Пенче-килит’ операциясы дүрбелеңі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ирактың солтүстігінде 17 сәуір күні басталып, сәтті жалғасқан «Пенче-килит» операциясымен аймақ содырлардан тазартылуда. Қауіпсіздік көздерінен алынған мәліметке қарағанда сәтті операциялар арқасында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның жоғары лауазымды тұлғалары басқа террористерді өлімге тастап, қашып жатыр.

Хабер түрік газеті «Түркиядағы зарядтау станцияларына үлкен инвестиция» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрлігінің Түркияда электромобиль көліктерді зарядтау инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатты іске қосқан «Электромобильге арналған жылдам зарядтау станцияларын қолдау бағдарламасымен» 1 миллиард лиралық инвестицияға жағдай жасалады. Қолдау бағдарламасы арқылы Түркия зарядтау қабілетін ең жылдам арттыратын елдердің біріне айналады.

Йени Шафак газеті «TEKNOFEST Кәсіпкерлік бағдарламасы басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда TEKNOFEST Кәсіпкерлік бағдарламасы кеше Стамбулда өткен жарнамамен басталды. T3 Қоры Өкілетті кеңесінің төрағасы Селчук Байрактар «Кәсіпорын бағдарламасымен финалға көтеріліп, жарыстарда топ жарған жас бауырларымыз еліміздің ұлттық технологиялық бастамасындағы толық тәуелсіз болашағына қызмет ету жолын жалғастырады» деді.

Сабах газеті «Түрік мердігерлерінен үлкен жетістік» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жұмыс күшін күн сайын арттырып жатқан Түркияның шетелдегі мердігерлік саласының бірінші жартыжылдықта қолға алған 132 жобаның жалпы құны 4,6 миллиард доллар болды. Түркияның шетелдегі мердігерлік саласы Қытай мен АҚШ-тан кейін 40 фирмамен үшінші орында.



Ұқсас жаңалықтар