Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1849051
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті шекара тысындағы әскери операцияға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кабинет жиналысынан кейінгі баспасөз мәслихатында «Сирия шекарамызда қалыптастырылған қауіпсіздік дәлізінің олқылықтарын толықтыруға байланысты дайындықтарымыз аяқталған соң жаңа операцияларды бастаймыз» деді.

Хүрриет газеті «Ешбір одақтасымыз Түркия ұшырағаннан көп шабуылға ұшырамады» деген хабар жариялаған.  НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг «Барлығымыздың қауіпсіздік уайымдары НАТО мүшелік процесінің бір бөлшегі ретінде назарға алынуы керек.  Ешбір одақтасымыз террорлық ұйым PKK-ның шабуылдарын қосқанда Түркия ұшырағаннан көп шабуылға ұшырамады» деген сөздерді қолданды.

Сабах газеті «Ердоғаннан мұнай сүйіншісі» деген хабар жариялаған.  Хабарға қарағанда, Президент Ердоған «Аданада мұнай іздеу жұмысы жүргізілген екі құдықта жоғары сапалы мұнай табылды. Мұнайдың резерв құны бір миллиард доллар шамасында» деді.

Йени Шафак газеті «Зенгезур дәлізі тез арада ашылуы керек» деген хабарға орын берген.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркия-Әзербайжан-Қазақстан Сыртқы істер министрлері және Қатынас министрлері жиналысынан кейін баспасөзге мәлімдеме жасады. Ол Әзербайжан мен Армения арасындағы процеске қолдау беретіндерін білдіріп, «Әзербайжанның батыс аймақтары мен Нахчыван арасында байланысты қамдайтын Зенгезур дәлізіне де қолдау береміз.  Дәліздің тез арада ашылуы керек» деді.

Хабер Түрік газеті «Анталияға әуе жолдары арқылы келген турист саны 4 миллионнан асты» деген хабар жариялаған.  Анталияға 1 қаңтар мен 26 маусым күндері арасында әуе жолы арқылы келген шетелдік турист саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 193 пайыз артты.  Келген турист саны 4 миллионнан асты.



Ұқсас жаңалықтар