Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1847788
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Чавушоғлу: Дәнді дақыл дәлізі үшін Түркия ретінде сындарлы рөл атқарамыз» деген хабарға орын берген. Мевлүт Чавушоғлу ресми сапармен бас қала Анкараға келген Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лиз Трасспен кездесуінің артынан баспасөз мәслихатын өткізді. Чавушоғлу Украинада ашылатын дәнді дақыл дәлізіне қатысты «Қаратеңізде дәнді дақыл дәлізі үшін Түркия ретінде сындарлы рөл атқарамыз. Ресейден Стамбулда өтуі жоспарланған жиналыс үшін оң жауап қайтарамыз» деді.

Йени Шафак газеті «Чавушоғлу: Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасымызды елші деңгейіне көтеру үшін жұмыстар істей бастадық» атты хабар жариялаған. Израиль Сыртқы істер министрі Яир Лапид ресми сапармен бас қала Анкараға келді. Сапар аясында Лапид бүгін Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен бас қосты. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Израиль мен Түркия сыртқы істері арасындағы қарым-қатынастарының маңызды екенін білдіріп, «Дипломатиялық қарым-қатынасымызды елші деңгейіне көтеру үшін жұмыстар істей бастадық» деп көрсетті.

Сабах газеті «Октай: Солтүстік Кипр Түрік Республикасының барлық орган және ұйымдарымен қарым-қатынастарды күшейтуге қатты көңіл бөлудеміз» атты хабарға орын берді. Вице-президент Фуат Октай Солтүстік Кипр Түрік Республикасының барлық орган және ұйымдарымен қарым-қатынастарды күшейтуге қатты көңіл бөлгенін баяндап, Кипр түріктеріне толық қолдау беретіндерін айтты.

Хабар Түрік газеті «Bayraktar AKINCI жаңа рекорд жаңалады» деген хабар жариялаған. ТР Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басшылығында жүргізілген «AKINCI» жобасы шеңберінде «Baykar» компаниясынан тарапынан отандық деңгейде жетілдірілген «Bayraktar AKINCI» шабуылдаушы ұшқышсыз әуе аппараты өзінің ұлттық авиация рекордын үшінші рет жаңалады. Ол 13,716 метр биіктікте ұшып, үшінші мәрте ұлттық авиация рекордын жаңалады.

Стар газеті «Еуропадан Түркияға сұраныс өте көп» атты хабарға орын берген. Түркияның жалпы аяқ киім федерациясы төрағасы Ахмет Айдын түрік аяқ киімдерінің сапалы болуы себепті Еуропа елдерінен сұраныстардың көп екенін баяндап, «Қазір әсіресе Испания, Португалия, Франция, Голландия, Бальгия сынды елдерден сұраныс өте көп» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар