Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1847265
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Түркия мен Сауд Арабиясының бірлескен мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапары аясында Түркияға келген Сауд Арабиясының тақ мұрагері ханзада Мұхаммед ибн-Селманмен оңаша кездесуінің артынан екі елдің бірлескен мәлімдемесін жариялады. Мәлімдемеде сот медицинасы, ғылыми, туристік, денсаулық сақтау, азаматтық авиация, ұлттық қауіпсіздік, энергетика және климаттың өзгерісіне қарсы күрес салаларында ынтымақтастық орнатуға бел байлау баса айтылды.

Хүррийет газеті «Алтун: Түркияның терроризмге сенімді болуы керек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент аппаратының жанындағы Коммуникация басқармасы директоры Фахреттин Алтун «Швецияның НАТО-ға кіруін қолдау, шабуыл болған жағдайда швед халқын қорғауға дайын екенімізді білдіреді. Швеция үшін осындай жауапкершілікті өз мойнымызға алғымыз келсе, Швецияда жиналған қаржымен түрік азаматтарына қарсы лаңкестік әрекеттер жасалмайтынына және Сирия мен Ирактағы террор баспаналарынан швед қаруларының табылмайтыны тақырыбында бізді нақты көндірулері міндетті» деді.

Йени Шафак газеті «Түркия мен Ресей арасындағы маңызды саммит: Алғашқы нақты нәтижеге қол жеткізілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда дәнді дақыл тиелген кемелердің Украинадан шығуы үшін жүргізілген «қызыл желі дипломатиясы» аясында Түркия мен Ресей әскери делегациялары Мәскеуде бас қосты. Кездесу алғашқы нақты нәтижесін берді, түрік жүк кемесі Украинадан шықты.

Ватан газеті «Түркияда бірінші! DATA жұмысын бастады»атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның алғашқы Су асты сынақтан өткізу инфрақұрылымы (DATA) іске асырылды. Сынақтан өткізу платформасы «DATA» сүңгуір қайықтарды қажет етпей-ақ теңіз астында қолданылатын оқ-дәрілерді сынақтан өткізіп, симуляциясын шығара алады. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк «DATA маңызды оқ-дәрілерді әзірлеу процестерін жеделдетеді» деді.

Сабах газеті «Ауыл шаруашылығы өнімі бойынша Түркия Еуропада бірінші орында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ауыл және орман шаруашылығы министрі орынбасары Эбубекир Гизлигидер Стамбулда ұйымдастырылған 8-ші Түрік-араб азық-түлік және астық технологиялары көрмесінде «Ауылшаруашылық өнімі бойынша Түркия Еуропада бірінші, әлемде алғашқы 10 елдің ішінде» деді.



Ұқсас жаңалықтар