Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1846696
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған Джонсон және Кая Калласпен сөйлесті» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон және Эстония премьер-министрі Кая Калласпен телефон арқылы сөйлесті. Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде Ердоғанның лидерлермен әңгіме  барысында аймақтық тақырыппен қатар Украинадағы дәнді дақыл дағдарысын қолға алғаны білдірілді.

Стар газеті «Дағдарыс Түркияда шешіледі» атты хабар жариялаған. Жаһандық дәнді дақыл дағдарысының шешімі үшін Стамбулда төрттік дәнді дақыл саммиті өткізіледі. Қайнар көздерге қарағанда саммитке Украина мен Ресей делегациялары және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы қатысады. Дәнді дақыл дағдарысының шешімі үшін осы апта ішінде Ұлттық қорғаныс минристрлігінен бір делегация Ресейге барады.

Хабар Түрік газеті «Түрік ғалымдары Конго-қырым қанды безгегіне ем іздеуде» атты хабарға орын берген. Конго-қырым қанды безгегінің (КҚҚБ) ерте диагностика және емдеуі үшін түрік ғалымдары маңызды бір жұмысқа қолтаңбаларын басты. Инфекция ауруы маманы профессор, доктор Өндер Ергөнүл мен Қоч Унивенритеті İşbank (Жұмысбанк) Жұқпалы аурулар орталығының мамандары КҚҚБ-нің ерте диагностикасы үшін жергілікті ПТР сынағын дамытып, Түркияда кең көлемді түрде қолдануды көздеуде.

Ватан газеті «Стамбулға келген турист саны артты» деген хабар жариялаған. Стамбул губернаторы Али Йерликая мамыр айында Стамбулға келген турист санының өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 264,6 пайыз артып, 1 миллион 402 мың 366-ға ұласқанын жариялады. Стамбулға ең көп турист Германия, Иран, Ресей, Америка Құрама Штаттары және Ұлыбританиядан келді.

Хүрриет газеті «ТӘЖ Жоғары деңгейлі сертификат алды» атты хабарға орын берген. Түрік Әуе Жолдары Халықаралық Әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Экологиялық бағалау бағдарламасы бойынша «Жоғары деңгейлі сертификат» алды.



Ұқсас жаңалықтар