Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1846043
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Ердоған Гутеррешпен әңгімелесті» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен телефон арқылы сөйлесті. Ердоған дүниежүзілік азық-түлік дағдарысының алдын алуда үлкен факторлардың бірі болатын Украина дәнді дақылын Қаратеңіз арқылы экспорттау үшін ортақ талпыныстардың жалғасатынын атап көрсетті.

Хабер түрік газеті «Ибрахим Калынның Финляндия мен Швеция мәлімдемесі» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президенттің баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Финляндия мен Швецияның НАТО өтініші мен Түркияның алаңдаушылығына байланысты келіссөздердің жалғасатынын, Мадрид саммитінің соңғы мерзім емес екенін мәлімдеді.

Стар газеті «НАТО-ның Түркия мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияның Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүшелік өтініштерін талқылауды жалғастырнын білдірді.

Сабах газеті «Шентоп: Түркия заңсыз көші-қон мәселесінде жалғыз қалдырылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп кеше Жаһандық парламенттік көші-қон конференциясында сөйлеген сөзінде халықаралық қоғамның көші-қон мәселесінде өте баяу қозғалғанына назар аудара отырып «Түркия өкінішке орай бұл көші-қон мәселесінде жалғыз қалдырылды. Түркия үшін қажетті үлестің, қолдау мен жаһандық жауапкершіліктің мойындалмағанын көреміз» деді.

Йени шафак газеті «Түркияға турист ағыны» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияға мамыр айында келген шетелдіктер саны өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 308,48 % артып, 3 миллион 824 мың 555 болды.



Ұқсас жаңалықтар