Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1844321
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Халықаралық ұшақ рейстері «Түрік әуе жолдары» деген атауды қолданады» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған «Халықаралық салада мемлекетіміздің атауы "Turkey "-ден «Türkiye»-ге өзгертілді. Басқа салаларда да осылай болады» деп көрсетті. Президент Ердоған «Енді ұлттық әуе жолымыз да халықаралық рейстері «Turkish Airlines»  деген атаумен емес,«Түрік әуе жолдары» деген атаумен ұшады» деді.

Хүрриет газеті «Чавушоғлу: Швеция мен Финляндияға алаңдаушылығымызды жеткіздік» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Швеция мен Финляндияның НАТО мүшелігі тақырыбында Түркияның алаңдаушылығын ашық түрде жеткізгенін білдіріп, террорға қолдау көрсеткен осы екі елден болымды қадам басуын күткендерін айтты. Чавушоғлу «Бұл елдер біздің алаңдаушылығымызды ойлауы керек» деп көрсетті.

Ватан газеті «Түркияның Жерорта теңізі, Эгей және Қаратеңіздегі энергия күшінің әлемде теңдесі жоқ» атты хабарға орын берген. Түркияның Жерорта теңізінің шығысы, Эгей және Қаратеңіздегі энергия флоты үлкеюде. «Абдулхамит Хан» атты бұрғылау кемесінің де флотқа қосылуымен бұрғылау кеме саны 4-ке шықты. Осылайша Түркияның теңіздегі энергия іздеу күші артуда.  

Стар газеті «Түркияның әлемдегі рөлі өте маңызды» деген хабарға орын берген. БҰҰ Бас хатшысының мәлімдемешісі Стефан Дюжаррик Украина дәнді дақылдардың Қаратеңіз арқылы шығарылуы тақырыбында Түркиямен қою байланыс жасағандарын, сондай-ақ ынтымақтастық ішінде екендерін және бұл тақырыпта түрік армиясының рөлінің өте маңызды екенін айтты.

Хабер Түрік газеті «TOGG жаңалық жаратуда» атты хабар жариялаған. Түркияның Автокөлік Кәсіпорын тобы (TOGG) Басқару алқасы басшысы Мехмет Караташ алдымыздағы жыл жолға шығатын отандық автомобильдердің өндірісіне байланысты спутниктік навигациялық жабдықтарды дизайн еткендірін білдірді.

 



Ұқсас жаңалықтар