Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1833526
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Операциялар жалғасады» деген хабарға орын берген. Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналысы президент Режеп Тайып Ердоған төрағалығында өтті. Жиналыстан кейін жасалған мәлімдемеде «Оңтүстік шекарамыздағы операциялар ұлттық мұқтаждықтың қажеті. Террор ұйымдарына қарсы операциялар табанды түрде жалғасады» деп көрсетілді.

Сабах газеті «Түркия одақтастарына үндеу тастады: террорға қолдау бермеңдер» атты хабар жариялаған. Кешегі Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналысынан кейін жарияланған мәлімдемеде «Халықаралық одақтастықтарда одақтастық рухы мен құқықты әрқашан орындап келген Түркияның осындай жауапкерлік пен шынайылықты одақтастарынан да күтетіні жеткізілді» деп жазылды. Мәлімдемеде «Терроризмге қолдау беру арқылы халықаралық құқықты аяқ-асты еткен елгерді осы тұғырынан бас тартуға, Түркияның қауіпсіздік жайлы сезімталдығына құрмет көрсетуге шақырамыз» делінді.

Ватан газеті «Столтенберг: Түркияның ұстанымы дұрыс» деген хабар жариялаған. NATO Бас хатшысы Йенс Столтенберг «Ешкім террорлық лаңкестіктерден Түркия секілді қайғы-қасірет шекпеді. Швейция және Финляндияның одаққа мүшелігіне террорлық ұйымға беріп отырған қолдауларына байланысты қарсы шыққан Түркияның саяси ұстанымын құптаймын» деген сөздер қолданды.

Стар газеті «Чавушоғлу Грекияға ескерту жасады» атты хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Грекияның халықаралық келісімге қайшы әрекет жасап, Эгей теңізіндегі аралдарды қаруландырғанына назарылық көрсетті. Чавушоғлу Грекияның бейресми әскери мәртебесіндегі аралдарды 1960 жылдан бері қаруландырғанына тоқталып, бұлдан бас тартпайтын жағдайда егеміндік дау-дамайдың басталатынын білдірді.

Хүрриет газеті «Teknofest Әзербайжанда басталды» атты хабар жариялаған. Дүние жүзіндегі ең ірі авиация, ғарыш және технология фестивалі Teknofest Әзербайжанда басталды. Фестиваль аясында 29 мамыр күніне дейін түрлі қойылымдар,  технология байқаулары жүзеге асырылады. Фестивальде «Akıncı» шабуылдаушы ұшқышсыз әуе аппараты, қарулы ұшқышсыз әуе аппараты «Bayraktar TB2», Әзербайжан Әуе күштері, Түрік Қарулы күштеріне қарасты «Түрік жұлдыздары» және «Solo Türk» акробаттық топтары Баку аспанында өнер көрсетеді.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар