Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1831508
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоғанның Швеция мен Финляндияға НАТО жолдауы: Нақты қадамдарды көргіміз келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Финляндия мен Швецияның НАТО тақырыбымен байланысты екі елден де терроризммен күресте нақты қадамдар күтетінін білдірді. Түркияның террормен күреске қатысты заңды үміттерінің ақталуы керектігін айтқан Ердоған «Біз Швецияның санкциясын алып тастай алмаймыз» деді.

Хүррийет газеті «Ердоған: Мен үшін енді Мичотакис деген біреу жоқ» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған Президенттік Үкімет отырысынан кейін өткізген баспасөз мәслихатында Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакистің АҚШ конгресінде Түркияға бағытталған мәлімдемесіне қатаң жауап қайтарды. Ердоған «Биыл Стратегиялық кеңестің отырысын өткізетін едік. Мен үшін енді Мичотакис деген біреу жоқ. Кездесу болмайды» деді.

Стар газеті «Сауд Арабиясы Bayraktar Akıncı TİHA-ға ұмтылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ливанда орналасқан Tactical Report (Тактикалық есеп) Сауд Арабиясының Түркияда отандық және жергілікті мүмкіндіктермен жетілдірілген Bayraktar Akıncı TİHA деп аталатын пилотсыз әуе көліктерін сатып алу үшін дайындалғанын жазды.

Йени шафак газеті «Moody's түрік экономикасына бағытталған сенім хабары» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда халықаралық несие рейтинг агенттігі Moody's-тің Елдік тәуекелдер тобы вице-президенті Катрин Мюхлброннер түрік банктерінің дұрыс және анық түрде экономикалық теңгерімді қамтамасыз етудегі маңызды факторлардың бірі екенін атап, «Түрік экономикасы әрқашан төзімді болды. Үлкен және әртүрлілігі бар бір экономика» деді.

Ватан газеті «Сәуір айында келушілер саны 225 пайызға өсті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 2022 жылдың сәуір айында шетелдік келушілер саны өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 225,59 пайызға артып, 2 миллион 574 мың 423 болды. Елдер тізімінде Германия 15,36 пайызбен бірінші, Болгария 10,53 пайызбен екінші, Англия 8,75 пайызбен үшінші орында.



Ұқсас жаңалықтар