Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1828243
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Түркия мен Алжир арасында 15 келісімге қол қойылды» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған мен бас қала Анкараға ресми сапармен келген Алжир Президенті Абдулмежид Теббунның қатысуымен тау-кен өнеркәсібі, қоршаған орта, білім, мәдениет және қорғаныс өнеркәсібі салаларында Түркия мен Алжир арасындағы қарым-қатынастарды нығайта түсетін 15 келісімге қол қойылды.

Хабер түрік газеті «Ердоған: Финляндия мен Швецияның НАТО мүшелігіне «Иә» деп айта алмаймыз» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған НАТО-ға мүше болғысы келетін Финляндия мен Швецияның террорға қарсы ұстанымдарының анық емес екенін атап, бізге санкция салғандарға «иә» деп айта алмаймыз» деді.

Хүррийет газеті «Столтенберг: Түркияның қауіпсіздік мәселелерін шешу керек» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мен НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг телефон арқылы сөйлесті. Кездесуден кейін мәлімдеме жасаған Столтенберг «Түркия құнды одақтас және қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылықтың ескерілуі керек» деді.

Йени Шафак газеті «Швеция терроризмді қолдауды жалғастыруда» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияның НАТО мүшелігін құптамайтын Швецияда бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қолдау көрсету шерулері жалғасуда. Кеше бас қала Стокгольмның ең әйгілі Кунгсгатан көшесінде PKK-ның шүберектері ілінді. Террор жақтаушысы шерушілерге полицияның кедергі жасамағаны байқалды.

Сабах газеті «Anadolujet Милан-Бергома рейстерін бастады» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түрік әуе жолдарының (ТӘЖ) қосалқы бренді AnadoluJet Стамбул Сабиха Гөкчен әуежайынан Италияның Милан Бергамо әуежайына рейстерін бастады. Рейстер аптасына 7 күн ұшатын болады.



Ұқсас жаңалықтар