Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1819592
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған батыста күшейіп келе жатқан исламофобияға назар аударды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кейбір Еуропа елдерінің біраз уақыттан бері Ислам мен мұсылмандарға дұшпандық жасап, тіпті Құран кітапты өртеу арқылы өздеріне саяси пайда табуға тырысқанына назар аударды. Бұл вандализмнің надандықтан туындағанын атап көрсеткен Ердоған «Құранды аудармасымен бірге оқыған адам бұл мүбәрәк Мұсһафқа дұшпандық танытуы мүмкін емес» деді.

Ватан газеті «Акардан терроризммен күресте табандылық хабарламасы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қарсы «Пенче-Килит» операциясын барлық үңгірлер тазартылғанша аяқтамайтындарын білдірді. Акар ең соңғы террорист залалсыздандырылғанша жұмыстардың жалғасатынын мәлімдеді.

Стар газеті «Түрік-Ай конференциясы құрылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік мемлекеттері ұйымына мүше 5 мемлекет арасында Түрік Конституциялық сот конференциясы (Түрк-Ай) құрылды. Стамбулдағы Долмабахче сарайында қойылған қол мен құрылған "Түрік-Ай" мен 5 мемлекеттің Конституциялық соттары арасындағы қарым-қатынас одан мықты бір сатыға көтеріледі.

Сабах газеті «Тағы бір жұлдыз Стамбулды таңдады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Мария Каллас: Хаттар мен естеліктер» атты ойынын сахнаға қою үшін Стамбулға келген италиандық ойыншы Моника Анна Мария Беллуччи «Келешекте Стамбулда өмір сүруім мүмкін» деді. Аты аңызға айналған француз актері Жерар Депардье де Тузлада салдырған қайық біткен соң Франциядан кетіп, Стамбулда тұратынын мәлімдеген болатын. Жұлдыздар Стамбулды көптеген Еуропа қаласынан сұлу, жағымды және жанды бір қала деп ойлауда.

Йени шафак газеті «Бахчешехир колледжі FIBA ​​Еуропа кубогының чемпионы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда баскетболдан FIBA ​​Еуропа кубогының ақтық жарысында Италияның өкілі Реджио Эмилияны алғаш матчында қарсы көгалда 72-69 есебімен жеңген Бахчешехир колледжі өзінің көгалында да қарсыласын 90-74 есебімен жеңіп чемпион атанды және Еуропадағы тарихындағы алғаш жеңісіне қол жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар