Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1819067
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған Путинге Стамбулда кездесуді ұсынды» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефонда сөйлесті. Президент Ердоған телефонда бейбітшілікке жетелейтін жолдың ашылуы үшін Стамбул кездесулеріндегі болымды беталысты жалғастыру барша үшін пайдалы екенін айтты. Президент Ердоған Путинге Ресей-Украина арасындағы келіссөздерде маңызды орай болған Стамбул процесін лидерлер өресіне көтеру ұсынысын қайталады.

Хүрриет газеті «Жабық жерлерде бетперде кию міндеттемесі күшінен қалдырылды» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған «Жабық жерлерде бетперде кию міндеттемесі түбегейлі түрде күшінен қалдырылды. Тек қоғамдық көліктерде және медициналық орындарда бетперде кию міндетемесі жалғасады» деді.

Ватан газеті «Боздаг: Түрік соты тәуелсіз» атты хабарға орын берген. Осман Каваланың ауырлатылған түрме жазасына байланысты АҚШ мазасыздығын білдірген еді. Осыған орай Әділет министрі Бекир Боздаг «Америка Құрама Штаттары немесе басқа бір ел Түркияның соты туралы сөз айту құқығы жоқ. Олар өз жұмыстарына қарасын» деді.

Йени Шафак газеті «Гебзеде өндірілген 5 ұшқышсыз әуе аппараты Ұлыбританияға экспорт етілді» деген  хабар жариялаған. Гебзеде өндірілген 'Jackal' атты отандық 5 ұшқышсыз әуе аппараты Ұлыбританияға экспорт етілді. Ағылшын фирмасы «Түркия шынында бұл тақырыпта бір керемет күш болу жоланды алға басуда. Болашақта та үлкен табыстарға жететіндерін ойлаймыз» деді.

Хабер Түрік газеті «Варанк: İMECE қараша айынан бастап ғарышқа жіберілуге дайын болады» атты хабарға орын берген. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Түркияның алғашқы отандық және ұлттық жер серігі İMECE-нің 2023 жылы 15 қаңтарда басталатын ғарыш сапары уақытына баяналысты «Таяуда жер серіге жабылады. Соңғы сынаққа кіреді және ұшырылуы үшін АҚШ-қа жіберіледі. Қараша айынан бастап ғарышқа жіберілуге дайын болады» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар