Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1817462
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген.  Хабарға қарағанда, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Консулдық қызметтерінде енді жасанды интеллектті пайдаланамыз» деді. Ол көптеген қызметті жасанды интеллект арқылы тәулік бойы бере бастайтындарын білдірді. 2019 жылы цифрлық дипломатия бастамасын бастағандарын атап көрсеткен министр «Жасанды интеллекттен сыртқы саясат оқиғаларын анықтау, анализдер тақырыбында да пайдаланып отырмыз» деді.

Йени Шафак газеті «Замандас варварлар, сендер өздеріңе қараңдар» деген тақырып қолданған.  1915 жылғы оқиғаларға байланысты тағы бір рет «қырғын» сөзін қолданған Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байденге наразылық білдірген Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын «Миллиондаған адамды қырған, дүниежүзілік соғыстарды шығарған, жаппай жою қаруларын жасап шығарған, атом бомбасын лақтырған, құл саудасымен айналысқан, адамдарды жануарлар бағында көрмеге қойған замандас варварлар. Біздің тарихымызда қырғын, этникалық тазалық, Голокост дағы жоқ. Сіз айнаға қараңыздар» деді.

Хабер Түрік газеті «Министр Акардан табандылық» деген хабар жариялаған.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ирак шекарасындағы биіктігі 2 мың 300 метрлік Гейіктепе база орталығында түрік әскерлерімен бас қосты.  Түркияның халқымен,  мәдениетімен, тарихымен,  армиясымен, ұлтымен бірге ұлы ел екенін атап көрсеткен министр терроризммен күресте табандылыққа тоқталды.

Сабах газеті «Террор ұйымының қашатын тесігі қалмады» деген хабарға орын берген.  Түрік Қарулы күштері Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-Килит» операциясында Зап және Авашин-Басиан сайында сенімді аймақтар қалыптастыру мақсатымен аймақты сепаратистік террор ұйымынан тазалауда. Ауыр соққы алған террористтер Гара және Кандилге қарай қашып жатыр.  Сирияның солтүстігінде де PKK/YPG террорлық ұйымына соңғы кездегі ең ауыр соққы берілді.

Стар газеті «Түркия Африкаға жомарт» деген хабар жариялаған.  Орталығы Лондондағы «The Economist» журналында жарияланған мақалада Түркияның Африка елдерімен саяси, экономикалық және мәдени қатынастары қолға алынды. Түркияның гуманитарлық көмек жұмыстары арқылы Африка елдерімен қарым-қатынастарын нығайтқанына назар аударылды. Мақалада «Түркия әсіресе әскери және экономикалық салада көмекке мұқтаж болғанда «ашық чек беру» ерекшелігімен танылады» деп айтылды.

 



Ұқсас жаңалықтар