Түрік баспасөзіне шолу
Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.
Хүрриет газеті «Президент Ердоған Карл Нехаммермен сөйлесті» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, президент Режеп Тайып Ердоған кеше Австрия премьер-министрі Карл Нехаммермен телефонда сөйлесті. Телефон әңгімесінде Түркия мен Австрия қарым-қатынастарын жетілдіретін қадамдар мен Ресей-Украина соғысы сынды аймақтық тақырыптар қолға алынды.
Стар газеті Сыртқы істер министрінің хабарына орын берген. хабарға қарағанда, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов және Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефонда сөйлесті. Телефон әңгімелерінде Түркия-Әзербайжан-Түрікменстан үштік сапар күнтізбесі қолға алынды.
Йени Шафак газеті «Бингөлде террорлық операция» деген хабар жариялаған. Бингөлдің Генч ауданында сипаратистік террорлық ұйым PKK-ға бағытталған «Ерен қыс-6» операциясында террористтердің алты бөлмелі баспанасы мен материалдары жойылды.
Сабах газеті «Түркияның экспорты артты» деген хабарға орын берген. түркияның экспорты қаңтар-наурыз айларында 20,8 пайыз артып, 60 миллиард 288 миллион долларға жетті.
Хабер Түрік газеті «Фенербахче – Еуропа екіншісі» деген хабар жариялаған. Фенербахче Safiport FIBA Әйелдер арасындағы Еуропа лигасы ақтық сайысында «Sopron Basket» командасынан 60-55 есебімен жеңіліп қалып, екінші орын алды.