Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1807330
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған: Türkiye ретінде осы қиын кезеңде дос және бауырлас Тунис үкіметі мен Тунис халқының жанында боламыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Тунистегі оқиғалар туралы «Сайланған саясаткерлер қызмет еткен Мәжілістің таратылуы Тунистің болашағы тұрғысынан ойландырады және Тунис халқының саяси еркіне енгізілген соққы болып табылады. Türkiye ретінде осы қиын кезеңде дос және бауырлас Тунис үкіметі мен Тунис халқының жанында боламыз» деді. 

Йени Шафак газеті «Türkiye-нің Украинадағы елшілігінен Буча мәлімдемесі» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Türkiye-нің Украинадағы елшілігі Киев маңындағы Буча мен Ирпинге қоса әртүрлі аймақтардан ақпарат құралдарына түскен көріністердің «қорқынышты» екенін және бейбіт тұрғындарды нысанаға алудың қабылданбайтынын білдірді. 

Ватан газеті «Зеленский: Türkiye-мен келіссөз жүргізіп жатырмыз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Украина президенті Владимир Зеленский Украинадағы ресейлік әскерлерден тазартылған Буча қаласына сапары барысында Мариупольдегі соңғы жағдайға бағыттап, «Мариупольдегі жағдай қиын. Мен біздің әскермен үнемі байланыстамын. Эвакуациялау тақырыбында Türkiye-мен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жақын арада жауап аламыз» деді. 

Хүррийет газеті «Экспорттағы тарихи рекорд» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сауда министрі Мехмет Муш наурыз айындағы сыртқы сауда көрсеткіштерін жариялады. Наурыз айында экспорт 19,8 пайыз артып, 22,7 миллиард лираға жетті және республика тарихи рекордын жаңартты. 

Сабах газеті «62 жылдан бері НАТО штаб-пәтерінің қабырғаларын безендіруде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түріктің танымал суретшісі жазушы және ақын Бедри Рахми Эйюбоғлу жасаған мозаикалық қабырға НАТО штаб-пәтерінде 62 жылдан бері көрмеде. 1960 жылы түрік үкіметі тарапынан сол кезде Францияның бас қаласы Парижде орналасқан НАТО-ның штаб-пәтеріне сыйға тартылған мозаика қазір НАТО-ның соңғы мекен-жайы Брюссельде тұрады.



Ұқсас жаңалықтар