Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1792916
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Түркия-Израиль қарым-қатынасындағы тарихи мүмкіндік» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Израиль президенті Ицхак Герцогпен ортақ баспасөз мәслихатында «Бұл кездесу екіжақты қарым-қатынастар үшін бетбұрыс болып табылады» деді. Аймақтағы оқиғалардың энергия қауіпсіздігінің маңыздылығын көрсеткенін атап айтқан Ердоған «Бұл энергия ынтымақтастығын қайта бастау үшін бір мүмкіндік» деді. 

Йени шафак газеті «Ердоған: Әл-Ақса мешітінің діни болмысына мән беретінімізді баса айттық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған Израиль президенті Герцогпен кездесуінде Түркияның Палестинаға деген сезімталдығына тоқталғандарын білдірді. Ердоған «Аймақтағы шиеленісті бәсеңдетуге және екі мемлекетті шешім көзқарасына мән беретінімізді жеткіздік. Әл-Ақса мешітінің діни ерекшелігі мен қасиеттілігіне үлкен мән беретінімізді баса айттық» деді. 

Хүррийет газеті «Ердоған Ляйенмен сөйлесті» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Ердоған Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйенмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Ресейдің Украинаға шабуылы және Түркия-Еуроодақ қарым-қатынастары талқыланды. 

Стар газеті «Нигериядан Түркияға мұнай мен табиғи газ ұсынысы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Нигерияның Мұнай ресурстарына жауапты мемлекеттік министрі Тимипре Сильва Түркияны елінің құрлықтағы ең ірі мұнай және табиғи газ активтеріне инвестиция салуға шақырды. Министр Сильва Нигерияның көмірсутек саласының түрік инвестициясына ашық екенін білдірді. 

Сабах газеті «Ресей-Украина соғысына байланысты экономикалық шаралар қабылдануда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президенттік сарайда жиналған Экономиканы үйлестіру кеңесі Ресей мен Украина соғысының экономикаға кері әсерін азайту үшін қабылданатын шараларды талқылады. Осыған қарағанда артқан энергия бағасына қарсы қадамдармен ресурстар мен нарықты әртараптандыру  қолға алынады. Азық-түлік және шикізатпен, әсіресе астық және майлы дақылдармен қамтамасыз ету қауіпсіздігінің тұрақтылығы үшін өндірістен бастап ішкі және сыртқы саудаға қоса барлық сауда-саттық кезеңдерде азаматтардың пайдасына қажетті шаралар қабылданатын болады. 



Ұқсас жаңалықтар