Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1778723
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түркия мен БАӘ арасында 13 келісімге қол қойылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоғанның Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) сапары аясында кеше Түркия мен БАӘ арасында қорғаныс өнеркәсібі, денсаулық сақтау, климаттық өзгерісі, өнеркәсіп, технология, мәдениет, ауыл шаруашылығы, сауда, экономика, құрлық, теңіз тасымалдау саласы, жастар, апаттарды басқару, метеорология, коммуникация және мұрағат саласында 13 келісімге қол қойылды. 

Стар газеті «Бұл дағдарысты тек Түркияның бітімгерлігімен шеше аламыз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Украинаның Түркиядағы елшісі Василий Боднар Ресей мен Украина арасындағы шиеленіске қатысты жағдайдың Түркияның бітімгерлігі арқылы бейбіт жолмен шешілетінін атап көрсетті. 

Ватан газеті «ТӘЖ-нан Украина рейстері туралы мәлімдеме» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік Әуе жолдары (ТӘЖ) Украинадағы жаңалықтар себепті бұл елге билет алған жолаушыларға билеттерін қайтару және өзгертуге мүмкіндік берілгенін жариялады. Лауазымдылар рейстердің жалғасқанын білдірді. 

Йени шафак газеті «Түркияның ормандары өсті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Орман инженерлері палатасы төрағасы Хасан Түркйылмаз Түркияның ең көп орман өсірген елдер рейтингінде Еуропада бірінші, әлемде төртінші орында екенін айтты. Түркйылмаз «Осыдан 30 жыл бұрын Түркияның орманмен қапталған аумағы 19,78 миллион гектар болатын. Қазір болса 22,9 миллион гектарлық орман алаңы бар» деді. 

Хабер түрік газеті «Анчоус экспортынан 5 миллион 676 мың 301 доллар кіріс түсті» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркиядан 5 айлық кезеңде 26 елге 1 мың 247 тонна анчоус экспортталды. 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 2022 жылдың 31 қаңтары аралығында жүзеге асырылған анчоус экспортынан 5 миллион 676 мың 301 доллар кіріс түсті. 



Ұқсас жаңалықтар