Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1769002
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Путин мен Зеленскийді Түркияға шақыра аламыз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған жекеменшік телеарнаға берген сұхбатында "Ресей мен Украина арасындағы шиеленістің жаңа дағдарысқа айналуын қаламаймыз. Осы үшін бар күшімізді салуға дайынбыз дейміз. Мен бұл хабарламаны Путин мен Зеленскийге жеткіздім. Түркияның шынайылығы мен ізгі ниетін екі ел де жақсы біледі деп ойлаймын. Екі елді Түркияда қонақ етіп, бейбітшіліктің жолын ашамыз" деді.

Йени шафак газеті «Алтун: 500 мың сириялық еліне оралды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президенттік Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Түркияның аймақтың тыныштығы, қауіпсіздігі мен тұрақтылығына үлес қосқанын атап, 500 мыңнан астам сириялық босқынның Түркияның күш-жігерінің арқасында елдеріне оралғанын білдірді.

Сабах газеті «Түрік дәрігерінің мақтанарлық жұмысы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тағы Джексон зертханалық институтының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істейтін профессор, доктор Дерья Унутмаз коронавирустың барлық нұсқаларына қарсы тиімді болатын жаңа емдеу әдісін жетілдіру үшін жұмыс істеп жатқандарын және нәтижелердің әзірге болымды екенін айтты.

Хүррийет газеті «Электромобиль алпауыттары Түркияға назар аударды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Зарядтау станцияларының көбеюінің де  әсерімен Түркияның электрлі көліктер нарығы 2021 жылы 237 пайызға өсті. Бұл жағдай электромобиль алпауыттарының да назарын аударды. Tesla, MG және Jaguar сияқты әлемдік брендтер Түркия нарығына кірді.

Стар газеті «Түркияның шағын жерсерігі Grizu-263А-ның хикаясы фильмге түсірілді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда 13 қаңтар күні ғарышқа ұшырылған Зонгулдак Бүлент Эжевит университетінің Гризу-263 ғарыш тобы тарапынан өндірілген Түркияның шағын жер серігі Grizu-263А-ны баяндайтын қысқа фильм түсірілді.



Ұқсас жаңалықтар