Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1768480
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Түркияның алғашқы қарулы теңіз көлігі ULAQ алғашқы сынақтан өтті» деген хабар жариялаған.  Түркияның тұңғыш адамсыз қарулы теңіз көлігі жаңа қару жүйесімен бірге ату сынағынан өтті. ULAQ жаңа алыстан басқарылатын қару жүйесімен база және порттардың қорғалуында міндет атқарады.

Ватан газеті министр Варанктың сөздеріне орын берген.  Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк кешегі мәлімдемесінде экономикалық және технологиялық тәуелсіздігін қамдаған бір Түркия құруды мақсат еткендерін білдірді.

Сабах газеті министр Дөнмездің сөздеріне орын берген.  Хабарға қарағанда, Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез ақпан айында Сакария газ кенінің оңтүстік батысында барлау мақсатты бір бұрғылау жұмысының атқарылатынын атап көрсетті.  «Бір үміт бар.  Себебі осы алаңдар бір-біріне өте ұқсайды.  Соңғы Амасра-1 құдығына ұқсас жаңалық ашылуы мүмкін» деді ол.

Стар газеті «Дос елдермен қолтаңба қойылды» деген хабар жариялаған.  Түркия мен Босния және Герцеговина арасында орман саласында ынтымақтастықты жетілдіру мақсатымен Анталияда «Бауырластық келісіміне» қол қойылды.

Хабер Түрік газеті «Фатих Арда Ипчиоғлу тарихта қалады» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда,  шаңғымен секіруде сайысқан ұлттық шаңғышы Фатих Арда Ипчиоғлу Әлемдік кубокта тоғыз рет ақтық сайыста жарысып, тарихта қалды.



Ұқсас жаңалықтар