Түрік баспасөзіне шолу

Түркияда шығатын газеттердің басты тақырыптарына тоқталамыз.

1767915
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Өмер Челик Ресей-Украина дағдарысы жайлы мәлімдеме жасады» атты хабарға орын берген. Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары және партия мәлімдемешісі Өмер Челик партиясының Орталық Атқару кеңесі жиналысы кезінде мәлімдеме жасады. Челик мәлімдемесінде президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей мен Украина дағдарысы тақырыбында жасаған жолдамаларының әлемде үлкен жаңғырық жаратқанын айтты. Челик «Көптеген ел  дағдарыстың бір жағына үн қатса, Түркия дағдарыстың екі тарапына да , яғни әрі Украина тарапына, әрі Ресей тарапына жолдама жіберуде» деді.

Сабах газеті «Министр Кожа Омикрон штамы жайлы маңызды мәлімдеме жасады» атты хабар жариялаған. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа кеше жасаған мәлімдемесінде «Омикрон штамы анықталды. Ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда вакцина ектірген адамдар Омикрон штамын жұқтырғанда жеңіл сауығып кетеді. Вакцина ектіріп, ертеңге үмітпен қараңыз. Індет күн тәртіптен шығады» деді.

Стар газеті «Әрі еліміздің, әрі Түркияның мүдделерін қорғаймыз» деген хабарға орын берген. Солтүстік Кипр Түрік Республикасының премьер-министрі және Ұлттық бірлік партиясының төрағасы Фаиз Сужуоғлу партиясының ерте сайлауда жеңіске жеткенін және коалиция үкіметі үшін жұмысқа кірісетіндерін атап көрсетті. Фаиз Сужуоғлу кеше жасаған мәлімдемесінде «Біз түрік ұлтының бір бөлшегіміз, яғни Жерорта теңізінің қорғаушысымыз. Ана отанның дәл ортасында әрі Солтүстік Кипр Түрік Республикасының, әрі Түркияның мүдделерінің қорғаушысымыз» деп көрсетті.

Хүрриет газеті «Tesla-ның Түркиядағы жұмыстары» атты хабар жариялаған. Электр жүйелі автокөлік алпауыты Tesla Түркияда құрған «Tesla моторлары» атты фирмамен байланысты үш маңызды жұмыс істеді. Фирма «Model X», «Model Y», «Model 3» және «Model S» атындағы 4 үлгіні биыл сатады.

Хабер Түрік газеті «Түркияның шикі болат өндірісі артты» деген хабар жариялаған. Түркияның шикі болат өндірісі өткен жылы 2020 жылмен салыстырғанда 12,7 пайыздық артумен 40 миллион тоннаға ұласты.



Ұқсас жаңалықтар