Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1767312
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Варанк: Түркия 2021 жылы өнеркәсіптік меншікке өтінімдер мен тіркеуде болымды ерекшеленді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк «2021 жылы жалғасып жатқан ковид-19 індетіне қарамастан, отандық өтінімдер мен тіркеулердің көбеюімен көптеген елдерден болымды түрде ерекшелене алдық. Өткен жылы 352 географиялық белгінің тіркелуімен, географиялық белгілердің тіркелген жалпы саны 990-ға өсті. Әлі күнге дейін Еуроодақта тіркелген 7 географиялық көрсеткішіміз бар» деді.

Хүррийет газеті «Bayraktar AKINCI TİHA-ның алғашқы экспорттық келісімшартына қол қойылды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир «Bayraktar AKINCI  – TİHA-ның (Пилотсыз әскери әуе көлігі) алғашқы экспорт келісімшартына қол қойылғанын хабарлады. 

Йени шафак газеті «Түрік дәрігері АҚШ-та бюджеті 1 миллион доллар болатын беделді лауазымға тағайындалды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тағы Арканзас Медицина ғылымдары университеті түрік дәрігері Өзлем Тулунай Угурды 13 қаңтар күні беделді Kyser Құлақ мұрын, тамақ-бас және мойын хирургиясы кафедрасына тағайындады. 

Сабах газеті  «Шығыс экспресі «Ертегілер саяхаты» әлем баспасөзінде» атты хабар жариялаған. Хабарға Француз AFP ақпарат агенттігі «Ертегілер саяхаты» деген тақырыппен туристік  «Шығыс экспресін» таныстырды. British Independent газеті болса «Әлемдегі ең әдемі 4 пойыз желісінің бірі. Түркияның бас қаласы Анкарадан шығып, Анадолы даласы мен Евфрат жайлауынан өтеді!» делінді. 

Сабах газеті «Топ-тобымен Түркияға келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия туристік агенттіктер қауымдастығының төрағасы Фируз Бағлыкая Түркияда қар сапасы және инфрақұрылымымен ерекшеленетін тау шаңғысы курорттарының соңғы жылдары шетелдік келушілер тарапынан көбірек таңдалғанын айтып, «Қазіргі сатылымдар 2021 жылы 2 мен 5 есе арасында өсті» деді.



Ұқсас жаңалықтар