Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1751378
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Turkovac-қа жедел қолдану рұқсаты» деген хабар жариялаған. Коронавирусқа қарсы түрік вакцинасына лизенция берілді.  ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа «Отандық ковид вакцинасы Turkovac бүгін жедел қолдану үшін лицензия алды.  Өндірісті бастадық» деді.  Президент Режеп Тайып Ердоған «Індет кезеңінде маска секілді қолымыздағы медициналық материалдарды бөлістік. Басқа жерлерден алынған вакциналардың бір бөлігін де дос елдерге бердік. Turkovac-ты өндіріп, оны да бүкіл адам баласымен бөлісеміз» деді.

Йени Шафак газеті «Балқанда бейбітшілік пен тұрақтылықтың түбегейлі болуы Еуропа мен әлем бейбітшілігі тұрғысынан да маңызды» деген хабарға орын берген.  Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп Сербияның бас қаласы Белградта Ұлттық мәжіліс төрағасы Ивица Дачичпен баспасөз мәслихатын өткізді. «Балқанда бейбітшілік пен тұрақтылықтың түбегейлі болуы тек аймақ елдері үшін ғана емес, Еуропа және әлем бейбітшілігі үшін де маңызды» деді ол.

Стар газеті Қырғызстанның шақыруына орын берген. Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Түркия мен Қырғызстан арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатымен түрік іскерлерді елінде инвестицияны арттыруға шақырды.

Сабах газеті «Түрік тұздалған өнімдерін ең көп Германия, Нидерланды және АҚШ талап етті» деген хабар жариялаған.  Түркиядан жылдың 11 айында жүзеге асырылған тұздалған өнім экспорты 300 миллион доллардан асты.  Германия 76 миллион долларлық тұздалған өнім сұранысымен бірінші орын алды.  Нидерланды 47 миллион долларлық сұраныспен осы елден кейін келеді.  Түркия Америка Құрама Штаттарына 32 миллион долларлық, Ұлыбританияға 25 миллион долларлық, Румынияға 11 миллион долларлық тұздалған өнім жолдады.

Ватан газеті «Анталияға келген турист саны 9 миллионнан асты» деген хабар жариялаған.  Анталияға келген турист саны 2021 жылдың соңғы күндеріне жақындағанда артуын жалғастыруда. Анталия әкімдігі Қалалық мәдениет және туризм дирекциясының деректеріне қарағанда, Анталияға әуе жолымен келген турист саны қаңтар айынан бүгінге дейін 9 миллионнан асты.



Ұқсас жаңалықтар