Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1747820
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Террор ұйымына ауыр соққы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар мәлімдеме жасап «Үстіміздегі жылдың басынан бері залалсыздандырылған террорист саны 2 мың 631-ге жетті. Қазіргі таңда террор ұйымының ыдырауын көріп отырмыз. Түрік әскері террористтерге тыныс алдырмауда» деді.

Ватан газеті «Эфиопиядағы азаматтық соғыста теңгерім өзгерді» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда «Байрактар TB2» отандық қарулы пилотсыз ұшағы Африка елі Эфиопиядағы азаматтық соғыста теңгерімін өзгертті. Елдегі жікшілдердің ілгерілеуі тоқтылып, стратегиялық құжаттары қолға түсті. Жаңалықтардың артынан Эфиопия Түркиядан аталмыш жаңа «Байрактар TB2» қарулы пилотсыз әуе көлігі сатып алу үшін іске кірісті.

Хабер түрік газеті «Шетелдіктерге үй саудасында жаңа рекорд» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияда тұрғын үй сату қараша айында өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 59 пайыз артып, 178 мың 814 болды. Шетелдіктерге сатылған баспана болса өткен жылдың бірдей айына қарағанда 48,4 пайыз артып, 7 мың 363 болды. Осылайша, 2013 жылдан бері шетелдіктерге ең жоғары сатылым тіркелді.

Стар газеті «Түркияда өндіріледі, 50 елге сатылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік былғары кондитерлер қауымдастығының президенті Гүркан Гөзмен түрік былғары киімдерінің шетелде үлкен назар аударып, 50 елге экспортталғанын айтты.

Сабах газеті «Украинаның жер серігі ғарыш сапарын Turkish Cargo-мен бастады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда авиация жүк тасымалдау саласының алпауыты Түрік әуе жолдарының бренді Turkish Cargo компаниясы күрделі жүктерді тасымалдау да жолақты көтерді. Turkish Cargo ғарышқа ұшырылатын Украинаның бақылау жер серігі «Сич-2-30»-ды Украинадан Стамбул арқылы Майамиге жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар