Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1741854
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Экономикада жаңа стратегия» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның жоғары пайыздан бас тартып, өндіріс пен экспортқа басымдық беретін стратегияға көшкенін мәлімдеді. «Дәл осы өзгерістің арқасында біздің еліміз әлемдегі дамуын жалғастыратын бірден-бір экономикаға айналды» деген Ердоған «Біз 2021 жылды қос таңбалы өсіммен аяқтаймыз» деді.

Хүррийет газеті «Министр Кожа: Эпидемия әлсіз нұсқалармен жойылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемесінде «Вирустар тұмау сияқты уақыт өте өзгереді. Біздің күресімізге және өзгеретін жағдайларға қарсы вирус өмір сүру үшін күреседі. Жаңа типтегі коронавирустың (ковид-19) жаңа нұсқалары туралы алаңдаушылық болуы мүмкін, бірақ эпидемияның соңы әлсіз нұсқалармен келетінін ұмытпаңыз» деді.

Йени шафак газеті «Turkovac-та соңғы сатыға жеттік» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда төтенше жағдайда пайдалануға рұқсат беруді күтіп тұрған отандық ковид-19 вакцинасы Turkovac-тың екі өндіріс орнында жаппай өндіруге арналған инфрақұрылым аяқталды. Түркияның Дәрі-дәрмек және медициналық құрылғылар агенттігінің зертханаларына жіберілген отандық ковид вакцинасына желтоқсан айының ортасында рұқсат берілуі күтілуде. Жаппай өндірістің артынан вакциналар тағы 14 күндік сынақтан өтіп, нарыққа шығарылмақ.

Стар газеті «Польша: Түрік пилотсыз қарулы әуе көліктерін сатып алу маңызды келісім» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Польша президенті Анджей Дуда түрік қарулы пилотсыз әуе көліктерін сатып алудың маңызды келісім екенін айтты. Дуда Түркиямен жақсы қарым-қатынастар мен қауіпсіздік саласында басылған қадамдардың жалғаса беретінін білдірді.

Сабах газеті «Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жаһандық операцияларды Түркиядан жүргізеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда БҰҰ-ның гуманитарлық дағдарысқа қарсы операциялық орталығы болған Гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесінің (OCHA) Түркияда кеңсе ашуын қамтитын келісім бекітілді. Келісіммен бірге OCHA-ның Женевадағы жаһандық операцияларға жауапты құрылымын Стамбулға көшіруге дайындалуда. Осылайша БҰҰ Сириядан бастап аймақтағы гуманитарлық трагедияларға белсенді түрде араласа алады.



Ұқсас жаңалықтар