Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1740166
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған: Халықаралық ынтымақтастық террормен күресте аса маңызды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Ердоған аймақтық және халықаралық ынтымақтастықтың террормен күресте аса маңызды екеніне тоқталып, «Террор ұйымдары арасында ешқандай айырмашылық жасамай күресімізді жалғастыруымыз керек» деді. Ердоған «Аймағымыз PKK, YPG, Фетуллахшы террор ұйымы (ФЕТӨ), ДАИШ сияқты қанды террор ұйымдарынан тазартылған сайын бейбітшілік, тұрақтылық және экономикалық даму да қарқын алады» деді. 

Йени шафак газеті «Ердоғанның дос және бауырлас елдерге СКТР шақыруы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Түрікменстанның бас қаласы Ашхабадта өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 15-ші көшбасшылар саммитіне қатысты. Ердоған саммитте жасаған баяндамасында Кипр мәселесінде аралдағы түрік халқының тепе-тең егемендік құқығы мен халықаралық мәртебесін тіркеудің шешімнің кілті болатынын білдірді. Ердоған «Бүкіл дос және бауырлас елдердің Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) шешім көзқарасын алғы шартсыз бағалауын сұраймын» деді. 

Стар газеті «Қолдау мәлімдемесіне СКТР-нан алғыс» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар «Женевада келіссөз үстеліне қойған тепе-тең егемендік құқығы мен екі бөлек мемлекетке негізделген шешім ұсынысымыз әлі күн тәртібінде. Дегенмен Президент Режеп Тайып Ердоған Түрікменстандағы Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының 15-ші көшбасшылар саммитінде айтқан сөзінде «Бүкіл дос және бауырлас елдердің Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) шешім көзқарасын алғы шартсыз бағалауға» шақыруы күшімізге күш қосты» деді.

Хабер түрік газеті «Түркиямен қарым-қатынасты бірнеше бағытта дамытуға шешім қабылданды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиян жеке Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде президент Ердоған мен ирандық әріптесі Ибрахим Реисидің Түрікменстандағы кездесуінде екі ел арасында өзара қарым-қатынастарды дамыту туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді. 

Сабах газеті «Түркия Идлибте жаңа қала тұрғызды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сирия жерінде шатырларда өмір сүрген жүз мыңдаған бейбіт тұрғынға көмекке келген Түрік Қызыл жарты ай қоғамы брикет үйлерден тұратын жаңа бір қала тұрғызды. Түрік Қызыл жарты ай қоғамы төрағасы Керем Кынык «Түркия Еуропаға көш толқынының алдын алуда» деді. 



Ұқсас жаңалықтар