Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1738482
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «БАӘ-нен Түркияға маңызды сапар» деген хабарға орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияға келген Абу Даби ханзадасы Шейх Мұхаммед бин Зайед әл Нахианмен кездесті. Кездесуден кейін Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында тікелей инвестцияларды қамтитын тоғыз келісімге қол қойылды.

Йени Шафак газеті «F-16 ұшақтары үшін ұлттандырылған оқу құралының жаппай өндірісі басталады» деген хабар жариялаған. Түрік қорғаныс өнеркәсібі құрамында ұлттандырылған F-16 оқ-дәрі подының жаппай өндірісі басталады.  Дос және одақтас елдеге экспорт тақырыбы талқылануда.

Хабер Түрік газеті «Türksat 5B жасанды серігі желтоқсан айында ұшырылады» деген хабарға орын берген. Транспорт және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу Türksat 5B серігінің желтоқсан айының аяғында Америка Құрама Штаттарының Флорида штатынан ұшырылатынын білдірді.

Стар газеті «ТИКА Ауғанстандағы жетімдерді қуантты» деген хабар жариялаған.  Түрік  ынтымақтастық және координация басқармасы Ауғанстанның бас қаласы Кабулда «Алааддин» қыз балалар үйіне азық-түлік және тазалық материалдарын берді. Балалар үйінің директорының орынбасары Азизе Азизи ТИКА-ға алғыс білдірді.

Сабах газеті «Түрік ақсеркесі рекордқа тоймай отыр» деген хабар жариялаған. Түрік ақсеркесі тобының төрағасы Осман Парлак пандемияға қарамастан алғашқы он айлық мерзімде 18 елге барлығы 120 миллион 946 мың 674 долларлық экспорт жүзеге асырғандарын айтты.  Ол экспорттың 80 пайызын Ресейге жасағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар