Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1737480
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған: орайларды пайдалануға табандымыз» атты хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған қаржы дағдарысын басқаруында тәжірибелі бір ел ретінде әлемнің өте қиын кезеңінде пайда болған орайларды пайдалануға табанды екендерін айтты. Ердоған: «Инвестиция, өндіріс, жұмыспен қамдау, экспортқа негізделген экономикалық саясатымыз арқылы еліміз үшін ең дұрыс істерді істеуге табандымыз» деді.

Ватан газеті «Түркияның қорғаныс өнеркәсібі Грекия баспасөзінде» деген хабар жариялаған. Түркияның қорғаныс саласында басқан қадамдарын Грекия қызығушылықпен қадағалап отыр. Түркияның отандық технологиялары Грекия баспасөзінде кең көлемді жаңғырық жаратуда. Афины әкімшілігі Түркияның қорғаныс өнеркәсібінде жеткен табыстарына жету мақсатымен Америка Құрама Штаттары және Франциядан ұшақ және кемелер алуға тырысты. Алайда Афины Анкараға жете алмайтынын түсінді.

Йени Шафак газеті «Африка елдері террор ұйымдарын Түрік қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарымен жояды» деген хабарға орын берген. Марокко, Алжир, Руанда және Нигериядан кейін тағы бір Африка елі «Bayraktar TB2» Түрік қарулы ұшқышсыз әуе аппаратын алатын болды. Нигер де Әл-Каида және ДАИШ қатарлы террор ұйымдарына Түрік қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарымен соққы береді.

Стар газеті «Сомалидің Түркияға деген сүйіспеншілігі ерекше» атты хабар жариялаған. «Hear Women» атты азаматтық ұйымының жоғарғы деңгейдегі басшысы Дека Салад басқа елдер Сомалиге инвестиция салуға тартынған кезде, Түркияның президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында Сомалиге келгенін атап өтті. Салад Түркияда білім алып жатқан сомалилік жастардың екі ел арасында достық қарым-қатынастарының дамуында мықты көпір болатындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар