Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1736835
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Түркиядан наразылық» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Танджу Билгич Грекия Сыртқы істер министрі Никос Дендиастың Түркия туралы сөздеріне наразылық білдірді. Билгич: «Түркияның аймағында және жақын төңірегінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамдауда ойнаған маңызды ролін сіңдіре алмаған Грекияның Түркиямен бәсекеге түсуі, ынтымақтастықтың орнына келіспеушілікті таңдауы және Түркияға қарсы жасанды одақтастықтар құруға тырысуы – босқа» деді.

Хабер Түрік газеті «Ливияда екі жылдан бері кепілде жатқан түріктің жеті азаматы елге оралды» деген хабар жариялаған.  Ливияның шығында дәйексіз себептермен шамамен екі жылдан бері кепілде жатқан түріктің жеті азаматы елге қайтты.  Ұлттық Барлау қызметі Катар Барлау қызметімен бірге жұмыс істеп, кепілге алынған азаматтарды құтқарды.  Президент Режеп Тайып Ердоған елге оралғаннан кейін азаматтармен телефон арқылы сөйлесті.

Сабах газеті «Түрік инженерлер жетілдірді» деген хабарға орын берген.  Түркия - қорғаныс өнеркәсібі, әсіресе ұшқышсыз әуе аппараттары және қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары технологиясында әлемге үлгі. Әуе аппараттының сынақтары үшін Түркия жетілдірген жүйе қазір әлемде бірінші орында. Оңтүстік Корея Америка Құрама Штаттарынан алынған ұшқышсыз әуе аппараттарының сынақтарын да Түркияда жүргізгісі келеді.

Йени Шафак газеті «Түрікали-2-де рекорд» деген хабар жариялаған. Сакария қойнауындағы Түрікали-2 құдығында жүргізілген газ ағын сынағында күніне 650 мың текшеметрлік рекорд тіркелді.

Хүрриет газеті туризм хабарына орын берген.  Түркияның маңызды туристік орталықтарының бірі Кушадасына 2022 жылы келу мақсатымен 650 круиз кемесі мен 750 мың турист резервация жасатып қойды.



Ұқсас жаңалықтар