Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1734875
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған Жергілікті әкімшіліктер жастар фестивалінде үн қатты» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған жастардың армандарының өздері үшін өте маңызды екенін айтты. Ердоған Еуропа мен Азия жылдам қартая бастаған бір кезеңде Түркия халқының үштен бірінің балалар мен жастар болуының аса маңызды екенін айтты.

Хүррийет газеті «Министр Сойлудан нақты хабарлама: Террор ұйымын қыспаққа алдық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу кеше жасаған мәлімдеме «Түркиядағы террорист саны қазір жоқтың қасы дейтіндей азайды. Террористік ұйымды қыспаққа алдық және оны қайтадан тыныссыз қалдырғымыз келеді» деді.

Сабах газеті «Министр Акар мәлімдеме жасады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар елде 2015 жылдың 24 шілде күнінен бері Ирак пен Сирияның солтүстігінде 32 мың 901, ағымдағы жылдың басынан бері 2 мың 426 террористтің залалсыздандырылғанын атап көрсетті..

Стар газеті «Жұмыссыздық көрсеткіштері жарияланды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркиядағы жұмыссыздық мөлшері осы жылдың үшінші тоқсанында екінші тоқсанмен салыстырғанда 0,4 пайыз төмендеп, 11,7 пайыз болды. Аталған кезеңде жұмыссыздар саны 3 миллион 842 мың адамға дейін қысқарды.

Хабер түрік газеті «Министр Дөнмез: Түркияның минералдық экспорты 4,38 миллиард долларға өсті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Түркияның минералдық экспортының қаңтар-қыркүйек айларында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 48 пайыз артып, 4,38 миллиард долларға жеткенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар