Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1734476
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Макронға наразылық» атты хабар жариялаған. Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик кеше партиясының Орталық шешім беру және басқару кеңесінің жиналысынан кейін Парижде өткен Ливия жиналысы туралы пікір білдірді. Ол «Ливияда бейбітшіліктің қамдалуы Ливия халқы тарапанын болуы керек.  Франция президенті Эммануэль Макронның Түркияның әскерлерін әкетуі туралы шақыруы – жанжал. Түркия білім беру және дайындық үшін Ливияда жүр» деді.

Сабах газеті «Министр Акар Моңғолстан Қорғаныс министрімен кездесті» деген хабар жариялаған.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар кеше Түркия-Моңғолстан Аралас экономикалық комитетінің жиналысына қатысу мақсатымен Түркияға келген Моңғолстан Қорғаныс министрі Саиханбайар Гүрседпен бас қосты.  Екі басшы оңаша кездескеннен кейін делегациялар жиналысына басшылық жасады.  Артынан екі ел арасында Әскери тарих, мұрағат,  мұражай және баспа саласында ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.

Стар газеті «Лидер ел болу үшін жұмыстанудамыз» деген хабарға орын берген. Вице-президент Фуат Октай Солтүстік Кипр Түрік Республикасының 38 жылдығы аясында ашылған «100 бұйымда Түрік-Ислам Ғылым тарихы көрмесінде» сөз сөйледі.  Октай «Тарихта білім мен дамуға қалай көш бастаған болсақ, бүгінгі күні де жаңа дәуір ашқан технологияларда лидер ел болу үшін жұмыстанамыз» деді.

Ватан газеті «Түрік авиакомпаниясы Еуропада екінші орында» деген хабарға орын берген.  Еуропа Авиаконтрол ұйымының деректеріне қарағанда,  Түрік Әуе жолдары 8-14 қараша күндері арасында күніне 1007 рейс игеріп, Еуропада ең көп рейс атқарған екінші авиакомпания болды.

Йени Шафак газеті «Серуендеп жүріп тапты» деген хабар жариялаған.  Адыяманда 40 миллион жылдық екені анықталған 4 қалдық табылды.  Бөлүкяйла ауылында тұратын 21 жасар Гүлжан Өзтүрік отбасымен бірге серуендеп жүріп өзгеше 4 тас тауып алды.  Ол тастарды Адыяман мұражайына апарып берді.  Мұражай лауазым иелері алғашқы зерттеуде тастардың 40 миллион жылдық бір жасушалы теңіз жандыларынан қалғанын анықтады.  Тарихи жәдігерлер дереу қорғауға алынды.



Ұқсас жаңалықтар