Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1729309
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Париж келісімінің күшіне енетін күн – 10 қараша» атты тақырып қолданған.  Ресми газетте жарияланған президент жарлығы арқылы Париж келісімінің күшіне енетін күні 10 қараша деп белгіленді. Президент Режеп Тайып Ердоған 21 қыркүйек күні БҰҰ Бас ассамблеясында Түркияның Париж келісімін бекітетінін және 2053 жылға нолдік шығарынды мақсатын қойғанын білдірген болатын.

Хабер Түрік газеті «Түрік авиакомпаниясынан жылдың 9 айында 6,2 миллиард түрік лирасы табыс» деген хабарға орын берген.  Түрік Әуе жолдары 2021 жылдың алғашқы 9 айында 6,2 миллиард түрік лирасы таза табысқа жетті. Жылдың алғашқы 9 айында барлығы 31 миллион жолаушы тасымалдаған түрік авиакомпаниясы алғашқы 7 айда Еуропада ең көп рейс игерген авиакомпания болды.  Алғашқы 9 айда да Еуропада ең көп рейс игерген екінші авиакомпания атанды.

Хүрриет газеті «Автомобиль индустриясынан 2,6 миллиард долларлық экспорт» деген хабар жариялаған.  Түркияның автомобиль индустриясының өткен айғы экспорты 2,6 миллиард долларды құрады. Қаңтар-қазан кезеңінде автомобильді сыртқа сату болса өткен жылдың сол айларына қарағанда 19 пайыз артып, 23,9 миллиард долларды құрады. Осы процесте айлық экспорт орташасы 2,4 миллиард доллар болған сектор Түркияның экспортында алғашқы орынды иеленді.

Стар газеті «Отандық автомобиль жобасы жолын жалғастыруда» атты хабарға орын берген.

Түркияның отандық автомобиль өндірісінде мақсат етілген алғашқы көлік 2022 жылдың аяғында жаппай өндіріле бастайды.  Электрмен жүретін көліктердің жүрегі-батареяларының Түркияда өндірілуі тақырыбында мықты жетістіктерге қол жеткізілді. Түркияның Автомобиль бастама тобы TOGG пен әлемдік алпауыт Farasis батарея инвестициясын жақында Гемликте бастайды.

Йени Шафак газеті «Қорқыт Ата Түрік әлемі фильм фестивалі бірінші рет Стамбулда өткізіледі» деген хабар жариялаған.  Бейоғлу Мәдениет жолы фестивалі шеңберінде жүзеге асырылатын Қорқыт Ата фестивалі басталады.  Фестивальдің таныстыру фильмі әлеуметтік желіде жарияланды. ТР Мәдениет және туризм вице-министрі Ахмет Мисбах Демиржан фестивальге 13 елден 42 фильм қатысатынын білдірді. «Түрік республикаларынан 200-ден астам продюссер, режиссер және актер бас қосатын фестиваль Стамбулда өтеді» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар