Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1724383
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Қарабах жерінде бірінші рет. Ашылуына Ердоған да қатысады» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған соңғы бір жыл ішінде үшінші рет Әзербайжанға барады. Әзербайжанның оккупациядан құтқарылған Қарабах жерінде салынған алғашқы әуежайы – Фузули Халықаралық әуежайы ертең қызметке беріледі.

Хабер Түрік газеті «Министр Сойлу хабарлады» деген хабарға орын берген.  Ішкі істер министрі Сойлу Хаккариде екі террористтің залалсыздандырылғанын білдірді. Министр кешегі мәлімдемесінде «Чукуржа шекарасынан кірген екі террорист әуеден бақылау және айырықша құрлық операциясы барысында өлтірілді» деп мәлімдеді.

Сабах газеті алтын туралы хабарға орын берген.  Түркия ұлттық энергия және кен саясаты шеңберінде жұмыстарын жалғастыруда. Егіншілік және тыңайтқыштас кен инвестициялары компаниясының басшысы Фахреттин Пойраз Билежиктің Сөгүт ауданындағы алтын резерві және кен қойнауындағы соңғы жағдай туралы мәлімдеме жасады.  «2022 жылдың аяғында алғашқы алтынымызды құйып, түрік экономикасына сыйлаймыз» деді ол.

Йени Шафак газеті «Жоғары жылдамдықты ұшақ жүйесі «Шимшек» зымыранға айналдырылды» деген хабар жариялаған. Президенттік аппарат жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі басшысы Исмаил Демир Түрік ұшақ өнеркәсібі компаниясы TUSAŞ тарапынан жетілдірілген «Шимшек» жоғары жылдамдықты ұшақ жүйесінің алыс қашықтықтағы нысанды атқылайтын зымыранға айналғанын білдірді.

Хүрриет газеті «Sienna Фотография сыйлығының жеңімпазы түрік фотограф Мехмет Аслан болды» деген хабарға орын берген. 163 елден фотографтар қатысқан, әлемнің ең беделді фотография байқауының жеңімпаздары анықталды. Бірінші орын алған түрік фотограф Мехмет Аслан фотосуретінде сириялық бір әке мен баланың хикаясын баяндайды.



Ұқсас жаңалықтар