Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1723525
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Біз бұл 1 миллиард 400 мың долларымызды қайтсек те аламыз» атты хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Ангола, Того және Нигерия сапарынан қайтарда ұшақта журналистердің сұрақтарына жауап берді. Президент Ердоған F-35 ұшақтары жөнінде былай деді: «Қазір төмен деңгейде келіссөздер болып жатыр. Бірақ біз осы 1 миллиард 400 миллион долларымызды қайткен күнде қайтарып аламыз. Римдегі Үлкен жиырмалық жиналысында президент Джо Байденмен сөйлесеміз. Түркияның құқығының аяққа тапталуына рұқсат етпейміз».

Йени Шафак газеті «Министр Чавушоғлу 'swap' жайлы мәлімдеме жасады» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркия мен Оңтүстік Кореяның екі жақты сауданы жалғастыру үшін бірге жұмыс істеу керектігін білдіріп, «Осы мақсатпен орталық банктеріміз арасындағы 'swap' келісімі негізінде сауда қарым-қатынастарымызда ұлттық ақшамызды қолдана аламыз» деген сөздер қолданды.

Хабар Түрік газеті «Сауда министрі Муш: Түркия-Африка сауда көлемі 25,3 миллиард долларға ұласты» атты хабарға орын берген. Сауда министрі Мехмет Муш Түркия мен Африка арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың тез қарқынды түрде дамығанын баяндап, «2003 жылы Түркия-Африканың сауда көлемі 5,4 миллиард доллар болса, 2020 жылына келгенде  25,3 миллиард долларға ұласты» деді.

Стар газеті «Түркия аймаққа экономикалық жақтан инвестиция салады. Ортақ хаттама жарияланды» деген хабар жарияланған. Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесі тарапынан Сауда министрлігі мен Африка Одағы Комиссиясының ынтымақтастығымен Стамбұл Конгресс орталығында ұйымдастырылған Түркия-Африка 3-ші экономика және бизнес форумында ортақ хаттама жарияланды. Ортақ хаттамаға қарағанда форум технология, туризм, ауылшаруашылық, электр өндірісі, авиация, білім беру және медицина салаларына инвестиция салуды ынтыландырды.

Ватан газеті «Мардинде 12 мың жылдық храм табылды» деген хабарға орын берген. Мардиннің Даргечит ауданының Ылысу ауылындағы Бонжуклу Тарла деген жерде храм табылды.  Осы храмның 12 мың жылдық екені айтылды.



Ұқсас жаңалықтар