Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1722199
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Түркияның Жерорта теңізінің шығысы туралы мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда ТР Сыртқы істер министрлігі Грекия, Мысыр және Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігінің үштік саммитінің артынан бір мәлімдеме жариялады. Мәлімдемеде Жерорта теңізінің шығысында Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасын (СКТР) елемейтін кез-келген бастаманың сәтсіз аяқталатыны атап көрсетілді. СКТР Сыртқы істер министрлігі болса Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігінің, Грекия және Мысырмен жасаған бірлескен мәлімдемесінің жарамсыз екенін жариялады. 

Хүррийет газеті «Еуропалық комиссияның есебі - қос стандарт» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Еурокомиссияның «2021 Кеңею пакеті» аясында жарияланған «Түркия есебіне» наразылық көрсетті. ТР Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде «ЕО-пен жоғары деңгейдегі келіссөздерді жандандыруға тырысқан бір кезеңде өкінішке орай, үміткер ел Түркияға жауапкершіліктер ескерілмеген және елімізбен қарым-қатынастарда тағы қос стандартты ұстаным ортаға қойылған бір Түркия есебі жарияланды. 

Стар газеті «Төрт көшбасшының бірлескен мәлімдемесі. Түркияның күші мойындады» тақырыпты жаңалыққа орын берген. Хабарға қарағанда Түркия, Того, Буркина-Фасо және Либерия президенттерінің бас қосуы туралы мәлімдеме жарияланды. Төрт көшбасшы Түркияның Африка үшін стратегиялық серіктес рөлін ақтап, оны халықаралық сахнада маңызды актерге айналдырған түрік экономикасының керемет прогресі мен күшін мойындады. 

Йени шафак газеті «TRT World форумы жаһандық мәселелерді әлемнің күн тәртібіне әкелуде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия телерадио корпорациясы (TRT) бас директоры Мехмет Захид Собажы биыл 5-ші рет өткізілген TRT World Forum-ның ашылуы бағдарламасында жасаған баяндамасында адамды негізге алатын хабар тарату түсінігімен қолайсыз аймақтардың, қоғамдар мен жеке адамдардың дауысы болуға тырысқанын айтты. Собажы «TRT World Forum сияқты халықаралық платформалар арқылы алдымызға жаңа пікірлер мен жаңа мақсаттар қоюымыз керек» деді. 

Ватан газеті «Байрактар - француздардың арманы, британдықтардың нысанасы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда француз баспасөзі қысқаша SIHA (СИХА) деп аталатын «Байрактар» қарулы пилотсыз әуе көлігіне таңданысын жасыра алмады. Түркияның Ұлыбританияға SIHA сату мүмкіндігінің түрік қорғаныс өнеркәсібі үшін таптырмас бір қадам екенін атап көрсеткен Le Figaro газеті «Бұл SIHA-лар бүкіл әлемдегі соғыстарда елестетілген қару. SIHA-лар Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азияда түрік ықпалының векторына айналды» деп жазды. 



Ұқсас жаңалықтар