Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1721688
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті президент Ердоғанның Анголада айтқан сөздеріне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Ангола президенті Жуан Лоренсумен бірге өткізген баспасөз мәслихатында Анголаның бұдан бұрын Түркиядан ұшқышсыз әуе көліктерін сұрағанын, енді сауытты көліктерге байланысты кездесулер жүргізілгенін білдірді.

Хүрриет газеті «Президент Ердоған Ангола парламентінде сөз сөйледі» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Ангола парламентінде сөз сөйледі.  Ердоған «Адам баласының тағдырын Екінші дүниежүзілік соғыстан жеңіп шыққан бір уыс елдің қолына тастауға болмайтынын айтып келеміз» деді.

Сабах газеті отандық вакцина жайлы хабарға орын берген.  Кайсери Эрджиес Университетінде жетілдірілген отандық коронавирус вакцинасы Turkovac екі компонент вакцина салдырған азаматтарға үшінші компонент ретінде салына бастады. Кайсеридегі бір азаматқа отандық вакцина үшінші компонент ретінде ревакцинация шеңберінде салынды.

Хабер Түрік газеті «Анталияға келген турист саны 8 миллионнан асты» деген хабар жариялаған.  Анталияға келген турист саны биыл 8 миллион 38 мың 761-ге жетті. Жарияланған деректерге сай қаңтар айынан бүгінге дейін Анталия қаласына әуе қатынасы арқылы келген турист саны былтыр келген турист санымен салыстырғанда 162 пайыз артты.

Стар газеті «Түркияның қолдауын қуанышпен қабылдады» деген хабарға орын берген.  Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасы ТИКА Қырғызстанда Ұлттық киноематография студиясына мұрағаттағы фильмдердің цифрлануы үшін қолдау көрсетті.  Осы жобаға қуаныштарын білдірген Қырғызстан Мәдениет, информация, спорт және жастар саясаты министрі Азамат Жаманқұлов «Бұл өте маңызды жоба.  Тарихи күн. Енді ескі фильмдерімізді цифрлық ортада көріп, оны жақсы сапада халқымызға ұсыну мүмкіндіміз болды» деді.



Ұқсас жаңалықтар