Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1720974
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Түркия F-35 ұшақтарына төлеген ақшаға АҚШ-тан жаңа ұсыныс келді» тақырыпты жаңалыққа орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Е​рдоған Анголаның бас қаласы Луандаға сапары алдында Америка Құрама Штаттарымен (АҚШ) F-16 ұшақтарына қатысты мәлімдеме жасап «Біз жаңа F-16 ұшақтарын сатып алып, флотымызды күшейткіміз келеді. АҚШ F-35 ұшақтарына төлеген ақшамызға мұндай бір ұсыныс жасады» деді. 

Йени шафак газеті «Әлемде басқа үлгісі жоқ: 65 жастан асқан адамдар үшін арнайы медициналық жедел жәрдем қызметі құрылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Жедел медицина мамандары қауымдастығы дайындаған және Еуроодақ (ЕО) қабылдаған жоба аясында Түркияда 65 жастан асқан азаматтарға жедел жәрдем қызметі құрылады. Қауымдастық төрағасы, профессор, доктор Башар Джандер «Әлемде мұндай бір бағдарлама жоқ. Түркияда алғашқы мысалын жасаймыз» деді. 

Хүррийет газеті «Еуропаның жүргізуші қажеттілігін қанағаттандыра аламыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия мен Халықаралық жүк көлігі жүргізушілері қауымдастығы төрағасы Седат Каплан Еуропадағы жүргізуші қажеттілігін қанағаттандыра аламыз, өйткені қазір елімізде бұл мүмкіншілік бар» деді. Каплан сенімді және білікті түрік жүргізушілерімен сұранысты қамтамасыз етуге дайын екендерін білдірді. 

Хабер түрік газеті «9 айда 2 миллиард 15 миллион доллар таза жеміс-жидек пен көкөніс экспортталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жылдың алғашқы 9 айлық мерзімінде Түркия 2 миллиард 15 миллион долларлық таза жеміс-жидек пен көкөніс экспортының 31%-ын яғни, 627 миллион 442 мың долларлық бөлігін Ресейге жасады. 

Сабах газеті «ТӘЖ ұшу экипажы күннен қорғайтын креммен адам өмірін сақтап қалады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түрік әуе жолдары (ТӘЖ) кабина экипажы мен ұшқыштары арасында құрылған «Мейірімділік достары» атты құрылым Сенегалдыңбас қаласы Дакарда күн сәулесінен жасырынған альбиномен ауырған балалардың жараларына күннен қорғайтын креммен ем болды.



Ұқсас жаңалықтар