Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1720067
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Талиалибан делегециясы Түркияда» атты хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу төрағалығындағы түрік делегациясы мен Муттаки төраға болған Талибан делегациясы Сыртқы істер министрлігінде кездесу өткізді. Кездесуден кейін мәлімдеме жасаған Чавушоғлу ауған делегациясынан елдегі соңғы жағдайға байланысты мәлімет алғандарын айтты. Талибанға Ауғанстанда әйелдердің жұмыс өміріне араласуы жөнінде ақыл-кеңес айтқандарын білдірген Чавушоғлу: «Әйелдердің жұмыс істеуі Ислам әлемінің де үміті» деді. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу:«Талибанның ең бастысы елдің береке-бірлігі үшін баршаға тең қарауы керектігін тағы бір мәрте қайталадық» деді.

Йени Шафак газеті «Акар: не керек болса, уақыты келгенде жасаймыз» атты хабар жариялаған. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сирияның солтүстігінен жасалған террор ұйымы PKK/YPG-нің шабуылдарына байланысты «Құқық және мүддемізді қорғау үшін не жасалуы керек болса, президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның лидерлігінде бүгінге дейін жасалғаны секілді орны мен уақыты келгенде жасалады.  Бұған ешкім күмәнданбасын» деді.

Сабах газеті «Толық тәуелсіз қорғаныс өнеркәсіп өндірісі тілге тиек болды» деген хабарға орын берген. Қорғаныс өнеркәсібі атқару комитетінің жиналысы Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында өтті. Жиналыста Түрік Қарулы Күштері мен қауіпсіздік жасақтары қолданған жергілікті және ұлттық жүйелерге жаңасын қосуға бағытталған тақырыптар қолға алынды.

Стар газеті «Тағы екі ел Түрік қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарын сатып алғысы келеді» деген хабар жариялаған. Эфиопия мен Марокко Түрік қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарын сатып алу үшін ұсыныс жасады.

Хүрриет газеті «Әлемнің ең ұзын әйелі» атты хабарға орын берген. Sputnik-тің хабарына қарағанда Карабуктің Сафранболу ауданында тұратын 24 жастағы Румейса Гелги 2 метр 15 сантиметрлік бойымен әлемдегі ең ұзын бойлы әйел ретінде  Гиннестің Рекордтар кітабына енді.



Ұқсас жаңалықтар