Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1718299
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған: Сириядан елімізге бағытталған террорлық лаңкестіктерге сабырымыз қалмады» деген тақырып қолданған.  Президент Режеп Тайып Ердоған кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасап,   Сириядан Түркияға бағытталған террорлық шабуылдар туралы айтты. «Полиция қызметкерлерімізге бағытталған соңғы шабуыл мен жерімізді нысанаға алған лаңкестіктер енді сабырды тасырды.  Қысқа уақытта осы проблеманың шешімі үшін қажетті қадамдарды басамыз» деді ол.

Хүрриет газеті де терроризммен күрес тақырыбына орын берген.  Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу ел көлемінде терроризммен күрес туралы «Кірілмеген қанша аймақ болса, қараңғы тау-түнек болса,  барлығына кірдік.  Операция жүргіздік» деді.

Стар газеті «Отандық шарттарда өндірілді, 5 миллион доллар Түркияда қалды» деген хабар жариялаған.  Havelsan Технология радар өнеркәсіп және сауда компаниясы өндірген отандық x-ray жиһазы “Işınım” арқасында 5 миллион доллар Түркияда қалды.

Хабер Түрік газеті «Автомобильде әрі экспорт, әрі өндіріс артты» деген хабар жариялаған.  Автомобиль өнеркәсіп қоғамының деректеріне қарағанда, биыл алғашқы тоғыз айда автомобиль өндірісі алдынғы жылмен салыстырғанда 8 пайыз артты. Өндіріс 921 мың 619 дана,  экспорты да 9 пайыз артып, 671 мың 674 дана болды.

Сабах газеті авиация саласынан бір хабарға орын берген.  Түрік Әуе жолдары Еуропада ең көп ұшқан екінші авиакомпания болды.

Түрік авиакомпаниясы 4-10 қазан күндері арасында күніне 1185 рейспен Еуропада ең көп рейс игерген екінші компания болды.



Ұқсас жаңалықтар