Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1711458
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған: Әділ әлем мүмкін» деген тақырып қолданған.

Президент Режеп Тайып Ердоған жаһандық жүйенің енді шешім таба алмаған, әділетсіз құрылымының әсіресе коронавирус пандемиясы және климат өзгерісі жол ашқан нәтижелермен бетпе-бет қалған әлемде жақсы көріне бастағанын айтты.  Ол көп уақыттан бері «Әлем бестен үлкен» деп нарызылықтарын білдірген жаһандық басқару жүйесіндегі өзгеріс ұсынысын «Әділ әлем мүмкін» деп жетілдіргенін білдірді.

Хабер Түрік газеті «Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Татардың сөздеріне орын берген.  СКТР президенті Ерсин Татар «Біздің хақымыз – егемен теңдік және таныну. Біз алға осылай қарай аламыз» деді. Татар Кипр түрік халқының құқықтарын қорғау және болашаққа жолын талқылау үшін барлық мүмкіндікті қолданатындарын айтты.

Йени Шафак газеті Әлиевтің сөздеріне орын берген.  Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қарабахты Армения оккупациясынан азат ету үшін басталған соғыстың бірінші жылдығында жеңіске жетуде Түркияның үлесінің көп екенін айтты. Әлиев: «Түркия біздің жанымызда болып, бүкіл әлемге «Араласпаңдар, килікпеңдер. Егер аралассаңыз, алдарыңызға Түркия шығады» деп үндеу тастады. Бұл әрине өте үлкен үстемдік және артықшылық болатын» деді.

Сабах газеті «Отандық вакцина TURKOVAC рекордқа дайындалады» деген хабар жариялаған.  Коронавирусқа қарсы жетілдірілген отандық инактив вакцинаның үшінші саты клиникалық жұмыстарында жақсы нәтижелер шығуда.  Қолдану үшін рұқсат алу дайындығы басталды. Алдымыздағы айдың аяғында рұқсат алынып,  жаппай өндіріс басталуы мүмкін. Алғашқы сатыда күніне 300 мың вакцина өндіру жоспарланып отыр.

Стар газеті Түркияның автомобилі туралы хабарға орын берген.  Түркияның Автомобиль тобы TOGG әлеуметтік желіде маңызды жазба жариялады. Гемлик базасында жұмыстың бар қарқынымен жалғасып жатқанын көрсететін бір видео жарияланды. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк «2022 жылдың аяғында Түркияның автомобилінің өндірілгенін көреміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар