Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1710967
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Ердоғаннан АҚШ-қа террор наразылығы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған АҚШ-тың сепаратистік террор ұйымы PKK/YPG-ге қолдауын сынға алды. Түркия мен АҚШ-тың НАТО одақтасы екенін еске салған Ердоған «Егер террористік ұйымдарға осылай көмек көрсетілсе, бұл біздің көңілімізді түсіреді және біз оны айтамыз» деді. 

Йени Шафак «Ердоған: АҚШ, Сирия мен Ирактан да шығу керек» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың Ауғанстаннан шыққандай, Сирия мен Ирактан да шығу керектігін атап көрсетті. Ердоған егер мақсат бейбітшілікке қызмет ету болса, АҚШ-тың бейбітшілік үшін сол аймақтарда тұруының ешбір мағынасы жоқ екенін атап көрсетті. 

Стар газеті «Ұлттық Қорғаныс өнеркәсібінде тағы бір жаңалық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия отандық ресурстарымен жетілдірген Орташа қашықтықтағы әуе қорғаныс зымыран жүйесі «Хисар О+» биыл Түрік Қарулы Күштерінің (ТҚК) қару тізіміне енеді. «Хисар О+» категориясындағы зымырандар ұшу қашықтығы, биіктік және басқа да мүмкіндіктері әскери-теңіз флотында пайдаланылған АҚШ-тың зымырандарының орнын алады. 

Сабах газеті «Профессор, доктор Азиз Санжар: Елге деген махаббат Нобель сыйлығынан маңызды»  атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік дәрігері және Нобель сыйлығының лауреаты ғалым Азиз Санжар елге деген махаббаттың бәрінен маңызды екенін атап «Мақсат Нобель сыйлығын алу емес, осы елге және адамзатқа пайдалы нәрсе жасау» деді. Түркияның ғылым саласында Батыстан артта қалмайтынын баса айтқан Санжар түркітілдес мемлекеттердің бірлесіп жұмыс істеуі керектігін түсіндірді. 

Отан газеті «TEKNOFEST-ке жүз мыңдаған адам қатысты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда қоғамда технологияға деген қызығушылықты арттыруға және ұлттық технология шығаратын бір қоғамға айналу тақырыбында ерекше рөл ойнайтын TEKNOFEST авиация, ғарыш және технология фестивалі аяқталды. Фестиваль аясында конкурстар, авиашоулар, ғылыми жиналыстар мен әр түрлі тақырыпта сұхбаттар сияқты көптеген іс-шаралар өткізілді. Биыл Стамбул Ататүрік әуежайында өткен фестивальге жүз мыңдаған адам келді. 



Ұқсас жаңалықтар