Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1709987
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоғаннан S-400 және F-35 үндеуі: Қажет болса басқа жерден аламыз» деген хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарынан елге ораларда журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ол  S-400 және F-35 тақырыбында нақты мәлімдеме жасады. Ердоған Америка Құрама Штаттары S-400  зымырандарын сылтау қылып, F-35 ұшақтарын бермеуінің қабылданбайтын нәрсе екенін айтты. «Біз үшін S-400 ісі аяқталды.  Кері қадам басуымыз да мүмкін емес. F-35-терді қажет болса басқа жерден аламыз және өндіре бастаймыз» деді ол.

Йени Шафак газеті отандық вакцина туралы хабарға орын берген.  Коронавирусқа қарсы отандық инактив вакцина Turkovac жұмысында үшінші саты аяқталып қалды.  Шамамен 1500 ерікті азаматқа егілген вакцинада жанама әсер байқалмады.

Ватан газеті «Түркия табысқа жетті. Әлемде өте аз ел жасайды» деген хабарға орын берген.  Қорғаныс технологиялары инженерлік және сауда компаниясы сүңгуірлердің торпеда гильзасын бірінші рет Түркияда өндіріп, Гөлжүк кеме жасау қолбасшылығына тапсырды.  Компания директоры Эдип Дениз «Толықтай Түркияда өндірілді. Мұны жасай алатын әлемде өте аз ел бар» деді.

Хүрриет газеті «Саяхат шектемесінен кейін алғашқы ағылшын турист тобын қарсы алдық» деген хабарға орын берген.

Ұлыбритания Транспорт министрі Шаппс Түркияны 22 қыркүйек күнінен бастап қызыл тізімнен шығарып,  саяхаттап баруға болатын елдер арасына алғанын білдірген еді.  Осы мәлімдемеден кейін Мугланың Даламан ауданына 129 кісілік алғашқы ағылшын турист тобы келді. Оларды локум тәттісімен қарсы алды.

Стар газеті «Түрік Әуе жолдарынан үлкен серіктестік» деген хабар жариялаған. Түрік Әуе жолдары мен Финляндияның беделді авиакомпаниясы Finnair арасында келісімге қол қойылды.  Код бөлісу келісімімен нығайтылған серіктестік арқылы түрік авиакомпаниясы мен Финляндия авиакомпаниясы алғашқы сатыда басталатын Стамбул-Хельсинки рейсіне өз кодтарын қоса алады.



Ұқсас жаңалықтар