Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1709608
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Ердоған: АҚШ 20 жылдың жауабын қайтару керек» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Американың CBS телеарнасына сұхбат берді. АҚШ-тың ауған босқындар тақырыбында одан көп жауапкершілік алуы керектігін білдірген Ердоған «АҚШ неге 20 жыл бойы осында болды, алдымен осы сұраққа жауап қайтару керек» деді. 

Хабер түрік газеті «Чавушоғлуның әлемге Ауғанстан мен Аракан шақыруы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ауғанстан тақырыпты Үлкен жиырмалық елдерінің Сыртқы істер министрлері жиналысында «Халықаралық қауымдастық Ауғанстанмен қарым-қатынасын жалғастыруы керек» деп үн қатты. Біріккен Ұлттар Ұйымының 76-шы Бас Ассамблеясы аясында Аракан мұсылмандарының жағдайы туралы онлайн жиналыста сөйлеген сөзінде «Рохинджа мұсылмандарын ешқашан жалғыз қалдырмаймыз» деді. 

Хүррийет газеті «Түркия мен АҚШ тығыз байланыста болады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Америка Құрама Штаттарының Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісі Джейк Салливанмен Ақ Үйде кездесті. Кездесуде екі жақты қатынастар, коронавирус пен жаһандық климат өзгерісі,  Ауғанстан, Сирия, Ирак, Ливия, Кипр, Жерорта теңізінің шығысы пен басқа да аймақтық тақырыптар қолға алынды. 

Сабах газеті «СКТР президенті Татар: Ердоған БҰҰ-да біздің дауысымыз болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Эрсин Татар, президент Режеп Тайып Ердоғанның Біріккен Ұлттар Ұйымының 76-шы Бас Ассамблеясында Кипрге қатысты хабарламасы туралы «Президент Ердоған халықаралық қауымдастыққа осы мәселе бойынша шақыру жасап, біздің дауысымыз және күшіміз болды» деді. Татар Кипр мәселесін шешудің жалғыз жолының тең егемендік құқығы екенін айтты. 

Ватан газеті «Байрактар TB3 пилотсыз әуе көлігі алғаш ұшуын 2022 жылы жасайды» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда TEKNOFEST Атқару кеңесі төрағасы Селчук Байрактар қанаттары бүктелетін, мыңдаған шақырымға жер серігі бақылау жүйесімен ұша алатын, шағын ұшу-қону жолағына қону және көтерілу қабілетіне ие «Байрактар TB3» қарулы пилотсыз әуе көлігінің (SIHA) алғаш ұшуын 2022 жылы жүзеге асыратынын атап көрсетті. «Әлем бет бұрған пилотсыз әскери ұшағымызды да жетілдірудеміз» деген Селчук Байрақтар сонымен қатар роботты пилотсыз ұшу аппараттарын жетілдіргендеріне де назар аударып, бұл жобаларды «төңкеріс» деп бағалады.



Ұқсас жаңалықтар