Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1709029
Түрік баспасөзіне шолу


Хабер Түрік газеті «Ердоған: аймақта Түркияны елемейтін түсініктен бас тарту керек» деген хабарға орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған БҰҰ Бас Ассамблея жиналысында сөз сөйледі. Баяндамасында Жерорта теңізінің шығысында ең ұзын жағалауы бар Түркияны аймақта елемеу түсінігінен бас тартудың шарт екенін атап көрсетті.  Ол «Диалог пен ынтымақтастық үшін аймақтағы барлық актерлер орын алатын «Жерорта теңізінің шығысы конференциясы» ұйымдастырылуы керек деген ұсынысымыз әлі жарамды» деді.

Хүрриет газеті «Ердоғаннан әлемге вакцина сүйіншісі» деген хабарға орын берген.  Президент Ердоған коронавирус эпидемиясы процесінде Түркия ретінде бірінші күннен бастап қолдағы мүмкіндікті дос және бауырларымен бөліскендерін айтты. «159 ел мен 12 халықаралық ұйымға медициналық көмек жолдадық» деген президент отандық Turkovac вакцинасын жақында бүкіл әлем азаматтарының қолдануына беретіндерін атап көрсетті.

Йени Шафак газеті президенттің кітабының таныстырылуына байланысты хабар жариялаған.  Президент Ердоған жазған «Әділ әлем мүмкін» деген кітабы Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласының орталығындағы даңғылдарда таныстырылды.  Сонымен бірге Times алаңындағы лед-экрандарда да көрсетілді. Әділетсіздік, босқындар дағдарысы, халықаралық терроризм және Исламофобия тақырыптарына орын берілген кітап Ердоған кездескен әлем лидерлеріне тарту етілді.

Ватан газеті «TEKNOFEST» басталды» деген хабар жариялаған.  Әлемдегі ең ірі авиация, ғарыш және технология фестивалі Стамбулда басталды. 26 қыркүйек күніне дейін жалғасатын шарада Түрік Қарулы күштерінің акробаттық тобы SoloTürk және «Түрік жұлдыздары» Босфор бұғазы аспанында ұшты. TEKNOFEST фестивалінде жеңімпаз атанған командаларға 5 миллион лирадан астам жүлде беріледі.

Стар газеті «Әлемде бірінші рет» деген тақырып қолданған.  Түркия Технология фонды Өкілетті кеңес төрағасы және TEKNOFEST Атқару кеңесі басшысы Селчук Байрактар фестивальде ұшқышсыз әуе көліктері мен әуе аппараттарының бір сәтте өнер көрсеткенін айтты.  Байрактар «Әлем бойынша осындай қойылым бірінші рет болды» деді.



Ұқсас жаңалықтар