Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1706736
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «2023 қайта тірілудің белгісі» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда кеше өткізілген «6-шы Анадолы коммуникация жүлделері» бағдарламасында баяндама жасаған Президент Режеп Тайып Ердоған 2023 жылдың Түркияның қайта жаңғыруының символы екенін айтты. 

Хүррийет газеті «Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйеннің Түркия туралы мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуроодақ (ЕО) Комиссиясы төрайымы Урсула фон дер Ляйен кеше дәстүрлі «Одақтың жағдайы» тақырыпты баяндамасында «Түркиямен қарым-қатынасымызды әртүрлі салалар бойынша жалғастырамыз» деді.

 Стар газеті «Көршімен қол қойды. Түркияға алғыс айтамыз» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Әділет министрі Абдулхамит Гүлдің Грузия сапары шеңберінде екі ел әділет министрліктері арасында бірлескен келісімге қол қойылды. Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили өз елінің шекара тұтастығы мен егемендігіне Еуро-атлантикалық интеграция тақырыбында қолдау көрсеткені үшін Түркияға алғысын білдірді.

 Сабах газеті «Таза жеміс пен көкөніс экспорты бойынша Грекия рекорды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның таза жеміс-көкөніс экспорты 14 пайызға жоғарылап 148 миллион доллардан асты. Тамыз айында Грекия нарығында 18 есе өсім байқалса, экспорт көлемін арттырған елдер Ливия мен Израиль болды.

Хабер түрік газеті «Түркиядан тұрғын үй сатып алған АҚШ азаматтарының саны 8 айда 3,5 есеге көбейді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркиядан тұрғын үй сатып алған АҚШ азаматтарының саны 8 айда 3,5 есеге көбейді. Қаңтар-тамыз кезеңінде шетелдіктерге 30 мың 849 тұрғын үй сатылды. Түркиядан тұрғын үй сатып алған АҚШ азаматтарының саны биылдың қаңтар-тамыз айларында өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе өсіп, 871-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар