Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1705998
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған: Түркияны инвесторлар үшін тартымды елге айналдырдық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияны инвесторлар үшін тартымды елге айналдырғандарын білдіріп, Түркияның әлеуеті және экономикасына сенетін барлық инвесторлардың жанында болуды жалғастыратындарын айтты.

Хүррийет газеті «Ердоғанның ‘Адал әлем мүмкін’ атты кітабы жарық көрді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик президент Ердоғанның «Адал әлем мүмкін» кітабы жарық көргенін атап, «Бұл кітапта еліміздің саяси және әртүрлі мәселелерде көш бастап тұрған тақырыптар сипатталған» деді. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) әлсіздігін баса айтқан Челик «Бұл кітапта Түркияның қандай реформалық ұсыныстар жасағанын көруге болады» деді.

 Йени шафак газеті «Чавушоғлуның әлемге Ауғанстан шақыруы: Қазір барша бірге қозғалуымыз керек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ауғанстан Жоғары деңгейдегі министрлер жиналысында баяндама жасады. Ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетудің моральдық борыш екеніне назар аударған Чавушоғлу «Ауғанстандағы дағдарыс бүкіл әлемге тікелей әсер етеді, сондықтан қазір барша бірге қозғалуымыз керек» деді.

Стар газеті «АҚШ-тан Түркияға Ауғанстан алғысы» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ауғанстанның бас қаласы Кабулдағы «Хамид Карзаи» атындағы халықаралық әуежайды қайта ашу тақырыбында Түркия және Катарға алғысын білдірді. Блинкен тығыз жұмыстанғандарын атап көрсеткен әуежайды чартерлік рейстеріне ашуға үлес қосқан бұл екі елге алғысын білдірді.

Сабах газеті «TEKNOFEST 2021 үшін санаулы күн қалды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда TEKNOFEST авиация, ғарыш және технологиялар фестивалі 21-26 қыркүйек аралығында Стамбудағы Ататүрік әуежайында өтеді. Асыға күткен іс-шарада «Шытырман оқиғалы технология» жобасымен балаларды қабылдайды. «Шытырман оқиғалы технология» жаңа буын балаларда технология, информатика және қорғаныс өнеркәсібі салалары бойынша дұрыс және пайдалы көзқарастар қалыптастырады.



Ұқсас жаңалықтар