Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1705550
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті президенттің сөздеріне орын берген.  Президент Режеп Тайын Ердоған кеше Измирде «Аралдар теңізі және Грекиямен көршілік қатынастар проблемалары» симпозиумына видео жолдады.  Президент Ердоған «Еуропа елдері секілді батыс елдері Айлан нәресте оқиғасынан қажетті сабақты алмады.  Түркия Сириядан келген жүйесіз көштің алдын алу  күресінде жалғыз тасталды» деді.

Сабах газеті «Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акардан Грекияға наразылық» деген хабар жариялаған.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар  Кипр понти жағында Білім беру министрлігінің бір оқулықтан ТР-ның құрушысы Мұстафа Кемал Ататүрік баяндалған парақтың жыртылуы үшін нұсқау бергеніне наразылық білдірді.

Хабер Түрік газеті «Министр Фахреттин Кожадан отандық вакцина сүйіншісі» деген хабар жариялаған. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа кеше мәлімдеме жасап, отандық вакцинаға байланысты сүйінші хабар берді.  Ол «Отандық вакцинамыз Turkovac жедел қолдану үшін рұқсат алатын сатыға келді.  Вакцина бүгін екінші базада жаппай өндірілетін инфрақұрылымға келіп жетті. Рұқсат алғаннан кейін қазан айында жаппай өндіріс басталады» деді.

Ватан газеті «Әлемнің үздік 37 қаласы анықталды.  Түркиядан сюрпиз» деген хабарға орын берген.

Ұлыбританиядағы Time Out журналының «Әлемнің үздік 37 қаласы» тізіміне Стамбул енді.  Журналдың тізімінде Сан-Франциско бірінші орында. Ал Түркиядан Стамбул 36-шы кезекті.

Йени Шафак газеті «Стамбул әуежайы «Әлемнің үздік 10 әуежайы» тізімінде екінші болды» деген хабар жариялаған.  Стамбул әуежайы Нью-Йорктағы әлемге танымал Travel and Leisure журналының сауалнамасында «Әлемнің үздік 10 әуежайы» тізімінде орын алды.  Стамбул әуежайы журнал оқырмандарының дауыстарымен анықталған тізімде 91,17 ұпаймен екінші орынға жайғасты.

 



Ұқсас жаңалықтар